Бала Абай туралы 5 дерек
Абай Құнанбайұлының балалық шағы – оның кейінгі рухани, әдеби және философиялық болмысының негізі қаланған кезең.
1. Абайдың шын аты — Ибраһим
Абай 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты — Ибраһим. "Абай" — оған Зере әжесі еркелетіп қойған есім, яғни «сақ, байқампаз» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім кейін бүкіл қазақ халқына танылды.
2. Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан — оның алғашқы ұстаздары
Абайдың рухани тәрбиесіне ең алғаш әсер еткен жандар — әжесі Зере мен анасы Ұлжан болды. Зере — шежіре, ертегі, аңыз білетін дана әже, ал Ұлжан — ақылына көркі сай, сөзге шешен әйел. Олар Абайға қазақтың ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерін, батырлар жырын кішкентай кезінен сіңіріп отырды.
3. Абай медресе мен орыс мектебінде қатар оқыған
9 жасында Абай Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға түсіп, дін, тіл, әдебиет ғылымдарын меңгерді. Кейіннен 3 ай орыс мектебіне де қатысып, орыс тілін үйренуге ынта білдірген. Бұл оған Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын түпнұсқадан оқуға жол ашты.
4. Абайдың ерте есейіп, әділетсіздікке қарсы тұруы
Абай 13 жасында Құнанбайдың тапсырмасымен руаралық дауларға қатысып, билік айтуға араласа бастаған. Бір оқиғада Қодар мен Қамқаға жасалған ауыр жаза — Абайдың әділетке деген сезімін оятып, қоғамдағы озбырлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырды.
5. Жас Абай — зерек, зейінді бала болған
Абайдың ерекше зеректігін замандастары да мойындаған. Ол небары бірнеше жыл ішінде діни, әдеби білім алып қана қоймай, өз бетімен шығыс ақындары — Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи еңбектерін оқып шыққан. Кейін бұл ықпал Абайдың шығармашылығынан да көрінді.