Жоба туралы

«ABAI AKADEMIASY» – ақын мұрасына арналған алғашқы энциклопедиялық портал. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай дайындалған жоба ақын шығармаларын цифрландыру мақсатын көздейді. Абайтану ғылымындағы жаңалықтардың бәрі осы платформада ұсынылған. Шығармалары мен мәтіндік деректер, фото-альбом, Абай туралы басылып шыққан кітаптар, әндері мен күйлері, деректі-көркем фильмдер – ақынға қатысты барлық мәлімет сапалы форматта оқырманға қолжетімді болып отыр. Порталда ұсынылған материалдар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан, пайдалану құқығы берілген ашық дереккөздерден алынды.

Порталдағы материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Абай академиясына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі «Абай академиясының» көзқарасы болып саналмайды. Жарияланған материалдар үшін автор жауапты. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Біз авторлық құқық туралы және авторлық құқық туралы басқа да қолданыстағы заңдарға бағынамыз, сондықтан құқық бұзғандығы туралы тиісті ескерту алып, заңсыз орналастырылған материалдарды (фотосурет, аудио, видео, кітап) алып тастаймыз. Егер Сіз автор болсаңыз және Порталмен өз материалдарыңызды (фотосурет, аудио, видео, кітап, т.б.) ұшыратсаңыз, abaiacademykz@gmail.com электронды поштасы арқылы Портал жетекшісіне, өз құқығыңыз туралы мәлімдей аласыз.

Құқық бұзушылық туралы ескертуіңізді жазып жібересіз, Портал редакциясы ескертуде көрсетілген материалдардың (фотосурет, аудио, видео, кітап) оқылу, көрілу, тыңдалу мүмкіндігін шектейді. Ескерту түскен уақыттан бастап ескерту нақтыланған соң 3 жұмыс күні ішінде порталдан өшіріледі.