А. Байтұрсынұлының "тірі білім" теориясы мен әл-Фараби және Абай ілімдерінің сабақтастығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Білім беруді жетілдіру үдерісінде оның әдіс-намалық тұғырларын ұлттық таным тұрғысынан дұрыс негіздей алу аса маңызды фактор болып саналады.Бұл, әсіресе, ұлттық құндылықтар-мен, ұлттық ділмен, ұлттық санамен, елженды-лық рухпен байланысы айрықша көрініс таба-тын тіл, әдебиет, тарих секілді пәндерге қатысты жиі көтеріліп отырады. Сондықтан қазақ тілін ұлттық құндылық ретінде таныта оқытудың әдіснамалық негіздерін айқындауда Ұлы Дала ойшылдарының пікірлерін саралап, олардың тұ-жырымдарын кіріктіре қолдану қажет. Мақала тақырыбына сай зерттеу жұмысында тілді оқыту үдерісіндегі «Ілім – Ғылым – Білім» сабақтасты-ғын зерделеу көзделді. Алдымен, заманауи талаптарға сай білім алу-шылардың тілге, жалпы ұлттық құндылықтарға деген қатынасын дұрыс қалыптастыру үшін бі-лім мен тәрбиенің бірлігіне ерекше мән беру, оның негіздерін ұлт зиялыларының еңбектері-мен сабақтастықта айқындау қажет деп саналды. Бұл орайда тілді өнер түрінде, ғылым сипатында меңгертудің ғылыми-әдістемелік жолдарын не-гіздеген Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы басшылыққа алынды. Себебі, бірінші-ден, тілді оқытуда бұл теория Ұлы Дала ойшыл-дарының тұжырымдарымен толық үндеседі. Екіншіден, тұлға қалыптастырудың әрі білімдік, әрі тәрбиелік аспектілерін сабақтастықта қарас-тырудың өзегін құрайды. Үшіншіден, «Тірі бі-лімнің» негізіне алынған «мәніс білім» мен «әдіс білім» тілдегі әрбір категорияны, бірлікті әрі танымдық тұрғыдан, әрі қолданым жағынан өзара бірлікте түсініп, жүзеге асырудың мүмкіндігін кейтеді. Мақалада осы тұрғыдағы тұжырымдар-ды дәлелдеу мақсатында ғалымның іргелі тео-риялары оқытудың инновациялық әдістерімен байланыста ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты – Ақымет Байтұрсы-нұлының «Тірі білім» теориясын әл-Фарабидің, Абай Құнанбайұлының ілімдерімен сабақтас-тықта зерделеу, олардың ішкі үндесімін айқын-дау, сол қағидаларға сүйеніп, қазақ тілін жаңаша оқытудың жолдарын бағамдау. Үш тұлғаның пі-кірлеріндегі ортақ тұжырымдар тіл туралы білім мен тәрбиені біртұтастықта жүзеге асырудың жолдарын табу, жүйелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Сондықтан қазіргі заманның білім беру талапта-рына сай қазақ тілін оқытуды жетілдірудің өзек-ті мәселелерін шешуде Ақыметтің «Тірі білімі» мен әл-Фарабидің «Білім мен тәрбиенің тұтасты-ғы», Абайдың «ғылымды зорайту» ілімдеріндегі ой сабақтастығы мен тұжырымдарындағы ортақ негіздерге мән беру оқытудағы жаңа бағыттарды айқындауға мүмкіндікберді. Зерттеу әдістеріМақалада әл-Фараби, Абай, А.Байтұрсынұ-лы пікірлерін талдау, саралау, ой қорыту әдістері қолданылды.Сонымен қатар тұлғаның ғылым-білімді меңгеру жолы туралы пайымдамалары талданды. Мәтінмен жұмыстың түрлері сара-ланды. Білім алушылардың ойлау, сөйлеу, еңбек мәдениетін өзара бірлікте дамытуға бағытталған жұптық, топтық жұмыстарды, шығармашылық, креативтілік сипаттағы тапсырмаларды өзара сабақтастықта ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері атап көрсетілді, жекелеген әдістердің қолданы-сы практикалық тұрғыдан түсіндірілді.
Әдебиеттерге шолу
Тіл мен тәрбиенің бірлігін жүзеге асыру-да әл-Фараби негіздеген «тәрбиелеудің басты мақсаты – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дары-ту»болуы керектігі жөніндегі пікірі тірек етіп алынды (Әл-Фараби, 2005: 212) [1]. Ғалымның пайымдауына сүйенсек, «адам өмірінің мақсаты бақытқа жету, сол себепті субъект, ең алдымен, бақыттың не екенін ұғынуы және соған қол жет-кізу үшін не істеуге міндетті екенін білуі қажет» (Әл-Фараби, 1994: 27) [2]. Бұл пікір адамзат қо-ғамының дұрыс бағытта дамуы әлеуметтік құн-дылықтарды түсініп, меңгеруіне, бойына сіңіруі-не байланысты екенін дәйектейді. Әл-Фарабидің «Білімге негізделген тәрбие» ілімі – қоғамдық ортада қалыптасқан білім мен тәрбиені екі бөліп қарау тенденциясындағы қателікті түсінуге ық-пал ететін концептуалдық негіз. Бұл – бір. Себе-бі білім беру үдерісі тек ақпарат беру емес, Ақы-мет айтқандай, «тірлік шарасына үйрету» болса, онда оның тәрбиеден тыс жүзеге асуы ойға сыйымсыз. Өз кезегінде тәрбие беру деген де құр сөзбен ақыл айтудан, мәдени ойын-сауықпен шектелетін шаралардан құралмайтыны ақиқат. Шын мәнінде, тәрбие жас ұрпақтың бойына ой-лау, сөйлеу, еңбек әрекеттерінің бірлігінде ғана сіңеді. Білім баланың ойына қозғау салатындай тағылымды, сөйлеу әрекетіне ықпал ететіндей түсінікті болмаса, оның бойына дарымайды. Олай болса, тілді оқытуда да, ең алдымен, он-дағы білімдік және тәрбиелік қуат көзінің ортақ қайнарын табу маңызды. Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» тео-риясындағы өміршең идеяларды орнықтыру үшін олар ұлттық құндылықтарға табан тірей отырып, білім сапасын арттырудың басты тетігі-не айналуы шарт. Өйткені ғалым А.Құсайынов-тың пайымдауынша, «оқытудың сапасы әрбір қоғамдағы білім беру үдерісінің нәтижесін де, оның адам бойындағы қабілеттер мен қасиеттер-ді дамытудағы және қалыптастырудағы әлеумет-тік қажеттілікке сәйкестігін де өзара байланыста анықтайтын категория ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені білім сапасы төмендесе, бұл са-лада кенжелеп қалу қаупі туады, ол өз кезегін-де елдің бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігіне ықпал етеді» (Құсайынов, 2009: 11) [3].
Білім мазмұнында қоғамдық мүдде мен білім алушының жеке мүддесі қабысатындай мүмкіндіктерді нақтылау маңызды. Сондықтан қазақ тілін оқытудың сапасын арттырудың кон-цептуалдық негізі ретінде бұл теорияның ұлттық ғылым кеңістігіндегі мәні де беки түсетіні сөзсіз.Бүгінгі таңда тілді оқытудың тұғырнамалық негізі ретінде Ұлы Дала ойшылдарының Адамзат өміріндегі тілдің рөлі туралы тұжырымда-рын негізге алудың екінші себебі: оларда тіл туралы білімге негізделген тәрбиенің этикалық құндылықтармен байланысы тереңнен ашыла-ды. Абай шығармаларында айтылғандай, «әр-бір адам Құдірет иесінің ерекше махаббатпен жаратқан сұлтантекті туындысы болып сана-лады. Себебі ғажайып ақылды ғажайып денеге енгізіп, ерекше салихат дарытқаны оның адам-ды хикметпен сұлтан қылғаны» (Құнанбайұлы, 1977: 169) [4]. Осылайша, Абай бір Жаратушы-ның адамға берген өзгеше ақылды дамытатын, сол арқылы өзінің сұлтанға тән болмысына ла-йық әрі қажетті бір ғажайып қабілетті, сөйлеу қабілетін нығмет еткенін айқындайды. Сөзсіз, сол сый мен айрықша қабілеттің бастауы – Тіл. Ақымет Байтұрсынұлы тілді «адам баласының адами белгісінің зоры екенін» дәйектей оты-рып, Абай байламының мәнісін тереңдете түседі (Байтұрсынұлы А, 2013: 9) [5]. Расында да, тіл – Тәңірдің адамзатқа бұйыртқан ең ұлы мүмкін-діктерінің бірі, адам өмірін құнарландыратын айрықша сый. Адамзатқа берілген тіл – оның жер бетіндегі миссиясына сай өмір сүруінің бір-ден-бір кепілі, өз тағдырын қалауынша өзгерте алуының басты құралы, өзі көксеген Бақытқа апаратын құралы, өз ұлтының өкілі ретінде со-циологиялық тұрпатының дұрыс қалыптасуы-ның шарты. Ана тілімен сабақтастықта беріле-тін білімнің этномәдени сипаты кұшейе түседі, оның тұлға дамуындағы мәні кеңейтіледі. Осы саланы зерттеушілердің пікірінше, «этномәдени білімді меңгерту үшін оқытуда әлемдегі мәде-ниет құндылықтарын қоса игертуге ден қойы-луы шарт. Ана тілі мен мәдениетіне басымдық берілген жағдайда ғана сол білім жеке тұлғаның этномәдени болмысын сақтауға бағытталған бі-лім ретінде» қызмет етеді (Темиргалинова, 2022: 57) [6]. Олай болса, Ақымет Байтұрсынұлының: «Тірі білімді адам мәніс білімі мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек» деген түйінді пікірі тілді оқытудың басым бағдарын анықтауға негіз болуы заңды (Байтұрсынұлы, 2013: 15)[7].
Біздің пайымдауымызда, «тірі білімді» жүзеге асыру-дың тетіктері саналатын «мәніс білім» тұлғаның тілді дүниетанымдық тұрғыдан ұғынуына қыз-мет етсе, «әдіс білім» сол ұғынған нәрсенің «сы-рын» сезініп, оны дұрыс әрі сауатты қолдануға келіп саяды. Осы екі арна өзара біріккенде ғана ұлттық тіл жас ұрпақтың ұлттық ділін, ұлттық санасын сомдауға қызмет етеді.Ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілін меңгертуге тұғыр қалайтын Ақыметтің идеяла-ры Абайдың қағидаларымен және тілді «үйрету – үйрену» тандемін орындау амал-тәсілдерімен сабақтастырылуы – басты талаптың бірі. Абай өз еңбектерінде адам баласының «дүниелік білім-ді» түсініп, меңгеруінің, жаратылыстың сырын білім жолымен тануының аса мәнді екі тетігін татап көрсетеді: «адам ішіндегі білім-ғылымды көбейтетін қарудың бірі – мұлахаза қылу (ой-ласу, пікір алысу) болса, екіншісі – берік мұха-фаза қылу (сақтау, қорғау)». Ойшыл «бұл екеуі зораймаса, онда ғылым да зораймайтынын» баса айтады (Құнанбайұлы, 1977б: 175). [4]. Бүгінгі зерттеушілер пікірлесімді оқытудың тәсілі ре-тінде қарастырса, Абай осы ілімінде ол білім фи-лософиясы тұрғысынан дәйектелген. Сол себеп-ті тілді оқытудың әдіснамалық та, әдістемелік те жүйесінде бұл пікір тірек етіп алынды.
Материалдар мен әдістер
Тілді оқыту жүйесін жетілдірудің ғылыми--әдіснамалық және педагогикалық-әдістемелік мәселесі тіл туралы білімді кешенді жүргізуге, оқу материалдары мен нақты оқыту әдістеріндұрыс, сауатты таңдауға тікелей байланысты. Бұл тілді оқытудың басымдықтарын анық ашып алуға келіп тіреледі. Тіл туралы білімді дәстүрлі, Ақымет Байтұрсынұлы жүйесі бойынша бірізді-лікпен, сабақтастыра меңгерткен жөн бе? Әлде жаңыртылған оқу бағдарламасында айтылған-дай «ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін тү-сінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету» секілді түсініксіз мақсатқа сай тіл теориясын «шашы-ратып», лексикалық тақырыпқа «астар» түрінде ұсыну тиімді ме? (Оқу бағдарламалары, 2017: 3) [8]. Біздіңше, әрине, тілді оқыту үдерісінде, оқу материалдары мен әдістерін таңдау барысында А.Байтұрсынұлының тілді «тұтас танытуға» қа-тысты ойы негізге алынды. Ғалым тіл деп ата-латын «алып машинаның әр бөлшегінің қолда-нымдық қызметін сол тұрған қалпында таныту қажет» деп санайды. Сондықтан эксперимент барысында тілді функционалдық сауаттылыққа қарай бейімдеп оқытудың екі шарты сақталды: біріншіден, тіл жүйесін өзінің табиғатына сай қалыпта, құрылымдық-деңгейлік сипатын сақ-тай отырып таныту. Екіншіден, әр бөлшектің практикалық қызметін таныта меңгертуге мән бере оқыту. Өйткені Ақымет Байтұрсынұлы «сауаттау әдісін» сауаттылық жолдарын меңгер-туге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы» ре-тінде бағалайды (Байтұрсынұлы, 2013б: 38)[7]. Сол себепті дәл сол тақырыпқа қатысты тиім-ді әдістерді түрлендіре отырып, тіл тетіктерін сауатты қолдануға үйрету – мұғалімнің кәсіби міндеті болса, ал оқушының сауаттану әрекетіне тіл заңдылықтарын сақтап, оны өз мақсатына қа-рай дұрыс қолдана алуға үйрену үдерісі жатады. Бұл өз кезегінде «білім алушының тілдік-комму-никативтік құзіреттіліктері мен сөйлесім әрекеті түрлерін кешенді әрі өзара бірлікте дамытумен тығыз байланысты бағаланады» (Оразбаева, 2017: 41) [9].
Жасыратыны жоқ, басқа мамандықтарды айтпағанда, педагог мамандарды даярлайтын жоғары оқу орнындағы студенттердің өзі де тіл-дік терминдерді ажыратуға шорқақ, оны функ-ционалдық тұрғыдан түсіндіріп, дәйектеуге икемсіздік танытады. Ең қарапайым мысал: тіл дыбыстары мен физикалық дыбыстың айыр-машылығын анықтау үшін жетекші сұрақтарқойып, дыбыстау мүшелерінің атауын біртін-деп, ежіктеп айтқызуға тура келеді. Өйткені дәл осыны түсінбейінше, олардың фонетикалық нормаларды, заңдылықтарды меңгеруі мүмкін емес. Мектеп қабырғасында сауаттау әдістерінің талапқа сай жүргізілмеуі, бағалаудың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болашақ қазақ тілі мамандығын таңдап келген білімгерлердің өзін қайта оқытуға тура келеді. Әлбетте, шашы-раңқы алынған білім адам жадынан тез өшеді. Сондықтан тіл дыбыстарының «мәнісін» түсін-бейінше, оны қолдану «әдісін» меңгерту, сауат-ты сөйлетуге үйрету мүмкін емес. Ол үшін білім алушыларға, алдымен, дыбыстау мүшелерін таныту, олардың сөзді сауатты айтудағы рөлін білгізу шарт. Өйтпеген жағдайда тіл дыбыста-рын жіктеуге негіз болатын амалдарды саналы түсінбейтінін, қазақ тілінің үндестік заңының жүзеге асу «әдісіне» де мән бермейтінін күнде-лікті өмірде көріп жүрміз. Сол себепті Алматы қаласындағы No159 мектептің 5-сынып оқушы-ларымен эксперимент жүргізілді. Экспериментке 78 оқушы қатысты. Эксперимент барысында тілді оқытудағы ең қарапайым, бірақ сөйлеуге үйретудегі аса маңызды тіл дыбыстары туралы материалдардың меңгертілу жүйесі «мәніс білім» тұрғысынан мынадай тізбекпен жүргізілді:
- тіл дыбыстары мен физикалық дыбыстар-дың жасалуындағы айырмашылықты танытуға мән берілді (бірінің қатты денелердің соқтығы-суынан, екіншісінің адамның дыбыстау мүшеле-рінің қатысуынан жасалатыны тәжірибе арқылы түсіндірілід);
- дыбыстау мүшелерінің атауымен, орналасу ретімен таныстырып, әрқайсысының артикуля-циялық қызметін анықтауға мән берілді (өкпе, кеңірдек, тамақ қуысындағы көмекей, тілшік, дауыс шымылдығы; ауыз қуысындағы жақ, тіс, тіл, таңдай, ерін; мұрын қуысындағы кеңсірік, желбезек);
- тіл дыбыстарының дауысты, дауыссыз бо-лып жіктелуіндегі дыбыстау мүшелері қызметі-нің ерекшелігін дәйектеуге мән берілді;
- дауысты дыбыстардың ішкі жіктелісінде-гі дыбыстау мүшелерінің қатысымын танытуға мән берілді (дауысты дыбыстарды ажыратудағы тілдің, жақтың, еріннің дыбыс жасалымға ықпа-лы; дауыссыздарды жіктеуде үн мен салдырдың арақытынасының әсері);
- қазақ тілінің Үндестік заңы терминінің мағынасын ашуға, оның сөйлеудегі функцио-налдық қызметін түсіндіруге мән берілді. Сонымен қатар тапсырманы орындау критерий-лері оқушыларға алдын-ала ұсынылды. Себебі критерий мен білімді ашық бағалау бір-бірімен тығыз байланысты. Заманауи талап бойынша «білімді бағалаудың мақсаты – білім алушының нені игергенін тексеру ғана емес, оқу үлгерімін жақсартуға, білім сапасын көтеруге қызмет ету» (Andersson, 2017: 113)[10].
Өйткені дұрыс ұйымдастырылған бағалау, ең алдымен, «оқу-шы үшін өзін-өзі дамытуға, өз әрекетін тиімді жүргізуге үйренуге бағыт беретін құралға ай-налуы шарт. Ал, мұғалім үшін бағалау жүйесі білім берудің тиімді жолдарын табуға қызмет етуі тиіс» (Shepard, 2006: 623)[11].
Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап білім алушыларға тілді функционалдық тұрғыдан меңгерту мен оны бағалау «тірі білім» теориясы бойынша әр тақырып аясында «мәніс білімге» (тақырыпта-ғы негізгі ұғымдарды саналы түйсінуіне) және сол түйсінген дүниесін «әдіс білім» арқылы жеткізе алуына бағдарланып отыруы – басты шарт. Қазақ тілін жаңаша оқытудың заманауи ба-ғытының бірі Ақымет Байтұрсынұлы жүйеле-ген тіл салаларының тізбегін сақтай отырып, оны оқытудың әдістемелік жолдарын зама-науи терндтермен сәйкестікте жетілдіру болып белгіленді.
Тілді меңгерту үдерісін жетілдіруге негіз болатын Ақыметтің идеялары Абай не-гіздеген философиялық ілімдермен үндестікте ашыла түседі. Абайдың білім-ғылымды көбей-тудің қаруы ретінде ұсынатын мұлахаза қылу, мұхафаза қылу амалдары тұлға қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетін тиімді ұйымдастыру-дың негізгі тетіктері болып саналады. Өйткені бұл тапсырмалар ақпаратты жалаң баяндаумен шектелмейді, білім алушының қатысымдық құ-зіреттілігін қалыптастыруға қажетті креативті-лік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ұла-сып отырды. Білім алушының креативті ойлауы оның алдында тұрған мәселенің нақты шешімін іздеуге икемділігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. С.Л. Буковскийдің пайымдауынша, «креативті ойлаусыз коммуникативтік құзыреттілік қалыптасуы мүмкін емес. Қатысымдық құзыреттілік иесі болу үшін лексикалық бірлік-тер мен грамматикалық құрылымдарды ғана біліп қою жеткіліксіз, өзінің тілдік білімін ше-берлікпен пайдалана білу қажет. Бұл дағдылар тек креативті ойлауды, шығармашылық ойлау қабілетін дамытқан кезде ғана қалыптасады» (Буковский, 2016: 137) [12].
Креативті ойлау арқылы тілдік қатынасты дамыту оқушылар-дың өзін қоршаған ортаға қатынасы – адам мен әлемнің біртұтастығын мойындайтын идеясы – рефлексиялық көзқарас» үштігі аясында жүзеге асады. Бұлар «мәселелердің ішінен ең маңызды проблеманы ажырата алу», «сол қойылған проб-леманы шешу мақсатына сай келетін идеяларға құрылған тапсырмаларды іріктеу», «оқушылар-дың жеке пікірі мен көзқарасын сауаты айтуға, жазуға, қорғай білуге үйрету» жүйесіне сақтап жүргізілгенде тиімді болмақ (Бөгенбаева, 2023: 21) [13]. Сондықтан оқу процесінде білім алу-шылардың дербес жұмыстарды ғана емес, жұп-тық, топтық тапсырмаларды орындауға төсе-луіне мән берілді. «4К» моделіне сәйкес «Командада жұмыс жасау» дағдысын қалыптастырудың артықшы-лықтарына сүйенетін заманауи білім беру ке-ңістігіндегі трендтер Абай көрсеткен «мұла-хазамен» толық сәйкес келеді. Өйткені қазіргі «заман талабына сай білім берудің ерекшелігі шығармашылық қабілеті бар адамдардың жаңа генерациясынан, дамыған дүниетанымдық мәде-ниетінен, этикалық жауапкершілікті сезінуінен танылады және ол ұшқыр ойлы ұрпақты қалып-тастыру міндетінен туындайды» (Абдуллина, 2009: 8) [14].
Сондықтан оқу үдерісінде интерак-тивті әдістерді қолдануға басымдылық берілуі «әдіс білімнің» талабымен ұштасады. Хакімнің пайымдауынша, мұлахаза тек ой алмасудың құ-ралы, әлеуметтенудің жолы ғана емес, ол – үне-мі жаңартылып, жаңғыртылып отыруы тиіс ақыл қуатының көзі, адам баласының ой-тұжырымын, ғылым-білімін жетілдірудің тетігі. Мұлахаза дұ-рыс дамытылса, мұхафаза, яғни алған білімді ойға орнықтыру, санаға сіңіру, жүрекке бекіту, ақылға тоқу да өз деңгейінде жүзеге аспақ. Білім алушылардың осындай «пікірлесе отырып білім алуы, жұмысты өзара бірлесіп атқаруы олардың өзін-өзі объективті бағалап үйренуіне де оң ық-пал етеді. «Қалыптастырушы бағалауды дұрыс ұйымдастыру арқылы мұғалім шәкірттің әр ақ-паратты дұрыс саралай алуына бағдар береді. Нәтижесінде кері байланыстың сапасын артты-рып, білім алушының оқу әрекетін дамытады»
(Black, 2010: 83) [15]. Сондықтан да жоғары сы-ныптарда тілдік білімді тәрбиелік тұрғыдан мең-герту оқу мәтіндерімен жұмыста кең өріс алды.Оқу мәтіндерімен жүргізілетін жұмыстар-ды ұйымдастырудың басты мақсаты – білім алу-шыны ойландыру, сол ойын сөйлеу типтерінің түрлері бойынша құбылтып жеткізу үшін мәтін-ді «өңдеуге» үйрету. Сонымен қатар, ақпараттың негізінде баяндау, сипаттау, пайымдау мәтінде-рін құрату көзделді. Бұл білім алушының әлеу-меттік-коммуникативтік дағдыларын қалыптас-тырады. Олар тілдік/вербальді және тілдік емес/вербальді емес тілдік қатынас барысында жүзеге асырылып, «баяншының сөйлеу кезіндегі ішкі толғанысын сезіну, сөйлесу тәртібін, граммати-касын сақтау, өз пікірін жеткізе білу және т.б. дағдылардың дамуын қамтамасыз ететініне» мән беріліп отырды (Максимова, 2012: 135) [16].Кешенді тапсырманы орындату барысында экспериментке қатысқан No159 мектептің 8-сы-ныбындағы 69 оқушыға қазақ педагогикасында ұлттық мектептің моделін ұсынған жаңашыл ұстаз, көрнекті ғалым Алма Қыраубаеваның ең-бегінен үзінді ұсынылды. Бұл үзіндінің қысқаша мазмұны мыныдай: Индиядадағы Ауробиндо дейтін ауылдың өмір салты туралы айтылады. Ол ауылға дүниенің түпкір-түпкірінен адам-шылық іздегендер үздіксіз келіп жатады.
Олар – өмірдің мәнін ақшамен өлшейтін ортадан бе-зінгендер. Олар Ауробиндо ауылына мүше болу үшін хат жазып, ұзақ уақыт кезекке тұрады. Егер қабылданса, алғашқы үш ай бойы сынақтан өтеді. Тек соған шыдағандар бір жылға қалуға мүмкіндік алады. Кейбір романтиктердің ішінде қатал талапқа шыдай алмай, қайтып кетеді екен. Себебі Ауробиндода өмір ауыр: жер жыртасың, дән себесің. Оны тек адал еңбекпен, өз қолың-мен жасауың керек. Біреуді біреу қорлауға, ал-дауға тыйым салынған. Еңбексіз ештеңеге қол жетпейді. Ауробиндо тіршілігі «Адамдық ара-лына» кетумен тең... Автор «Сенім» мектебі де білім беру жүйе-сіндегі әміршілдіктен ығыр болған жандардың Ауробиндосына айналғанын айтады. Мектеп басшылығы бала үшін де, мұғалім үшін де жанға жайлы орта жасамақ болыпты. Осы идеяны не-гіздеген бағдарлама авторының «Мектебіміздің 3 жылдық өмірін өз ғұмырымның ең бір мағы-налы күндеріне балаймын... Қош, Ауробиндо! Мүмкін, бір кезде күнкөріс кіріне көкірек толып кетсе, айналып, саяңа келермін»,-деген сөзі көп жайдан хабар береді (Қыраубаева, 2020:194). [17].
Мәтін бойынша жүргізілетін шығар-машылық тапсырмалар 3 кезеңге бөлініп орындатылды. 1-кезеңде орындалатын үй жұмысының реті:- мәтінді оқып, тақырып қойыңыздар, неге сол тақырыпты таңдағандарыңызды дәйектеңіздер;- «Ауробиндо ауылының ережелерін» жазы-ңыздар;- автордың өз мектебін «Ауробиндо» деп атауының мәнісін болжап жазыңыздар, жазба-ңыз бойынша ойларыңызды қысқа да нұсқа етіп айтыңыздар.2-кезеңде орындалатын аудиториялық тап-сырмалар топқа бөлініп жүргізілді: 1-топқа берілген тапсырма: мәтін мазмұны-на сүйеніп, Ауробиндоны іздеп келген кейіпкер-дің атынан баяндау мәтінін жазыңыздар (150-170 сөз);2-топқа берілген тапсырма: мәтін мазмұны-на сүйеніп, «Ауробиндо» ауылын және ондағы тұрғындарды сипаттап жазыңыздар (120-150 сөз);3-топқа берілген тапсырма: мәтін мазмұ-нына сүйеніп, «Алма апайдың Ауробиндосы» тақырыбында пайымдау мәтінін жазыңыздар (110-120 сөз). Бұл тапсырмаларды орындатуда топтық жұмыс оқыту формасы түрінде қолданылды. Себебі білім алушыларға сөйлеу типінің үш түрі бойынша жұмыстарды бірден орындату уақыт жағынан тиімді болмайды. Сондықтан тапсырма әрқилы берілді. Топта орындаған тапсырмалар-ды бағалауға барлық қатысушылар жұмылды-рылды. Білім алушылар берілген тақырыпқа қатыс-ты қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізгеннен кейін ғана ойталқы өткізілді. Себебі аяқ астынан, дайындықсыз жүргізілетін полилогтік тапсыр-малардың білім алушыға пайдасы жоқ. Ұлттық құндылықтарға қатысты және әлеуметтік өзге де өткір мәселелерді талқылауда, қоғамдағы тілмен байланысты көкейкесті проблемаларды талдау-да ойкөкпар, «дөңгелек үстел», ойбөліс, ойтал-қы, пікірсайыс түрлері ұйымдасырылып отыруы тиімді деп саналады. Оның нәтижелі болуы үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларкөмегімен білім қорын жинауға төселуі қажет. M. Bryant «оқыту технологияларының жиырма бірінші ғасырдағы білім беру мен әлеуметтік құрылымдардың байланысы арқылы шынайы білімді меңгертуге беретін мүмкіндіктерінің мол екенін, әсіресе, жоғары оқу орындарында оқу ортасын ілгерілетуге кең жол ашатынын» атап көрсетеді (Bryant, 2017)[18].
Сол себепті келесі сабақта «Жаңа мектептің моделі қандай болуы қажет?» тақырыбында ойталқы өткізілді. Ең басты шарт – осындай пікірлесім түріндегі жұ-мыстардың біркүндік шара ретінде я болмаса са-бақтың формасы түрінде ғана өткізілмей, оның нәтижелерін білім алушының өмірлік дағдыла-рына ұластыруға көңіл бөлінуі. Өйткені бұл тап-сырмалар бойынша білім алушылар:ақпарат көздерінен өзара бірлесіп білімді өз-дігінен меңгеруге төселді;саналы түрде сапалы білім жинақтауға мүм-кіндік алды.Нәтижелер мен талқылауҚолданыста жүргенжаңартылған оқу бағ-дарламасының басты кемшілігі тілдік білім бе-руде «грамматиканы мансұқтап», құрғақ сөзге басымдық беруінен анық байқалып отыр. Әлбет-те, мұндай жағдайда оқыту жүйесі «жаттанды, өлі білім» деңгейінде қала беретіні сөзсіз. Себебі онда «тілді оқыту үдерісіндегі теорияның күші мен ісі» бірлікте қамтылмаған. Оған жоғарыда көрсетілгендей, экспериментке қатысқан 5-сы-нып оқушыларының қол жеткізілген нәтижелері дәлел болды.
Эксперимент тобындағы тіл ды-быстарын «тірі білім» теориясына сай меңгерген 78 білім алушы:
- сөзді дұрыс дыбыстаудың мәнісін түйсінді;
- орфоэпиялық норма мен орфографиялық норманы сақтаудың мәнісін түсінді;
- қазақ тілінің әуезділігі мен сөз сазын сақ-таудың маңызын ұғынды;
- теориялық білімді практикалық тұрғыдан орынды қолдану қажеттігін сезінді.
Осы түйсіну, түсіну, ұғыну, сезіну арқылы «мәніс білім» мен «әдіс білімнің» өзара бірлікте меңгертілуіне қол жеткізілді (No1 кесте). Бұл, өз кезегінде, оқушы бойында тілге де-ген саналы қатынастың қалыптасуына, өз тілінің ерекшелігін тануына ықпал етті. Бұл білімді ба-ғалауда талап пен нәтиженің үйлесуіне де жол ашты. Өйткені білім сапасын арттыруда оқушыға білімді үйретудің амал-тәсілдерін дұрыс таң-дау қандай маңызды болса, оны бағалау да сондай мәнді екенін көрсетті.
Эксперимент барысында жеткіншек жастағы 8-сынып оқушыларының жас және психология-лық ерекшеліктеріне сай баяндау, сипаттау, па-йымдау мәтіндерін бағалаудың критерийлері ал-дын-ала ұсынылуы да білім сапасына дұрыс әсер ететіні анықталды. Критерийдің берілуі әр топ-тың өз жұмысын тиімді әрі сауатты орындауына оң ықпал етті. Оқушылар сөз саптау тәсілдерін сауатты қолданып, тапсырма шартына орай мә-тінді «өңдеп» құрауға үйренді. Жазба жұмысында оқушылардың тілдік сауаттылығының артқаны байқалды. Дегенмен, мәтін құрылымыны өзгер-туге әлі де төселдіру қажеттігі көрінді (1-сурет).
Эксперимент нәтижелеріне жасалған талдаулар оқыту үдерісінде қай жұмысты болсын бағалау критерийлерінің нақтылығы тапсырманың пайда-лы болуына және оны бағалау әдісінің ашық қолданылуына да қолайлы екенін көрсетті.
• мәтін мазмұнына сай сөз саптау тәсілдерін сауатты қолдана алуы – 53%
• мәтін мазмұнын «өңдеп» қолдана алуы – 27%
• мәтін құрылымын өзгертіп, жаңаша жүйелей алуы – 15%
• орфографиялық, пунктуациялық қателер -5%
Осылайша, эксперимент барысында қол же-тікізілген нәтижелер қазақ тілін оқыту үдерісінде Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясын жүзеге асыру үшін, «Баулу мектебі» үлгісінде оқу үдерісін шеберлікпен ұйымдастыру үшін оны Ұлы Дала даналарының ілімде-рімен сабақтастықта дамытудың білім сапасы-на ерекше жағымды ықпал етенінін дәлелдеді. А.Байтұрсынұлы «Баулу мектеп» мақаласында тіршілікке «пайдалы білімді» субъект тәжірибе арқылы меңгеру үшін өзі әрекет етуі керектігін талдау мақсатында білімалушыны бұл әрекет-ке қалай баулу керектігін салыстырмалы түрде дәйектеген болатын. Ғылым-білімге баулу үдерісінде әрбір теориялық материалдың күші мен ісін бөлектеп (схоластика), күшін көкке шыға-рудың тиімсіздігі салдарынан мәселенің практи-калық жағы ескерусіз қалдырылып, табиғаттың жанынан айырылатынын, сөйтіп, өлікке айнал-дырылатынын атап көрсеткен еді. «Үйретудің бұл түрі «жалаң оқыту» сияқты өлі түрге айнала-ды», – деп түйіндеді (Байтұрсынұлы, 2013б: 16).
Эксперимент барысында ғалымның бұл пікірі отандық білім беру жүйесінде өріс алып отырған үлкен кемшілік ретіндегі таптаурындылықтың себебін ашуға және сол кемшіліктен құтылудың амал-тәсілдерін анықтауға жол ашты. Әбіш Кекілбаев Ақымет Байтұрсынұлының орасан зор еңбегін парықтай отырып, ғалымның даналығы «өзіне дейінгілердің көздеріне ілікпе-ген соны көкжиектерге көз жеткізе білгендігінде, көргендігінде» екендігін қадап айтады (Кекіл-баев, 2013: 155) [19]. Әлбетте, ана тілін оқыту-дың әдістемелік жүйесін жетілдіруде әлемдің озық тәжірибелерін ескерген абзал. Бірақ бұл са-ланы жетілдірудің әдіснамалық негіздерін анық-тауда ұлттық ғылым кеңістігіндегі рухани қорды жаңғырту қажеттігі айқындалып отыр.
ҚорытындыҚорыта айтқанда, дамудың өзгермейтін заңы сол: ұлы ойшылдардың өмір сүрген дәуірлері мен өскен, қалыптасқан әлеуметтік ортасы бө-лек болғанымен, олардың адамзат игілігін арт-тыру жолындағы тұжырымдары белгілі бір нүк-телерде үнемі қиысып, бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп отырады. Олай болса, білім мен тәр-биенің бірлігіне негізделген «тірі білімді» бала санасына сіңіруде әл-Фараби пайымдағандай, білім беру процесін «бақыт, қуаныш және ләззат сезімдерін сезіндіру үшін сұлу да әсем және аса көркем дүниелерді барынша айқын және кемел дүние ретінде танып-білу әрекетіне айналды-ру шарт. Сонда ғана оқушы бойында терең дү-ниетаным қалыптасып, оның толық болмысына сіңеді» (Әл-Фараби, 2005). Өйткені әлемдегі ең сұлу да, ең әсем де, аса көркем де, ең алдымен, әр халықтың өз ана тілі екені сөзсіз. Ендеше, жас толқынға сол сұлу дүниенің әрбір тетігін білгізу, оны тереңнен тануға, түйсінуге, сезінуге құштарландыру, сөйтіп, болмысына берік сіңіру – басты меже. Сондықтан да үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін оқыту бағыттарын түбірі-мен қайта түзу, ондағы білім мазмұнын сауатты құру, оқытуды инновациялық талаптарға сай ұйымдастыру өзекті мәселеге айналды. Бұл, өз кезегінде білім мен тәрбиені біртұтастықта бе-рудің тұғырнамалық негіздерін айқындайтын сара жолды іздестіруді талап етіп отыр. Жылдар бойы жасалған іргелі ізденістер осы мақсаттағы айқын жолдың сүрлеуі Ұлы Дала данышпанда-рының еңбектерінде екенін пайымдатты, оларды қайта парықтап, ғылыми негіздеуге мүдделі етті. Сондықтан қазіргі мемелкеттік стратегияға сай қазақ тілін жас ұрпаққа меңгертудің басым ба-ғыттарын айқындауда ұлы тұлғалар негіздеген тұжырымды ой үндесімін басшылыққа алу пер-зенттік парыз, кәсіби міндет, замана иыққа арт-қан талап деп қабылдадық.
Әдебиеттер
1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс», 2005. – 449 с.
2. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 448 с.
3. Құсайынов А.К., Булатбаева А.А. Білім беру саясаты: салыстырмалы талдау. – Алматы: «ROND & A» баспасы, 2009. – 116 с.
4. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том. – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғы-лым» баспасы, 1977.
5. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. Т. III: – 384 б.
6. Темиргалинова А. Университеттің полиэтникалық білім беру ортасында болашақ мұғалімдердің коммуникатив-тік-этнопедагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2022. – Т. 72. – No. 3. – Б. 53-61.
7. Баулу мектебі // А. Байтұрсынұлының алты томдық жинағы. Мақалалар, хаттар, А. Байтұрсынұлы туралы құжат-тар мен материалдар. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. – Т. VI: – 384 б.
8. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына және Бейіндік білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары (оқыту қазақ тілінде). – Астана, 2017.
9. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Бес томдық шығармалар жинағы. 2-том. –Алматы, 2019. –460 с.10. Andersson, C., & Palm, T. Characteristics of improved formative assessment practice // Education Inquiry. – 2017. – 8(2), 104–122.
11. Shepard, L. A. Classroom assessment // In R. L. Brennan (Ed.), Educational measurement. Westport, CT: Praeger. 2006. – Р. 623– 646.
12. Буковский С.Л. Метод и технологии креативного обучения иностранным языкам в неязыковом вузе // Преподава-тель ХХI век. – No3. – 2016. – С.136-144.
13. Бөгенбаева Ә. Креативті ойлау арқылы тілдік қатынасты дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (10-11-сынып). – Философия докторы (phd) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Абай атындағы ҚазҰПУ, 2023. – 173 б.
14. Абдуллина. Г. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты. Ұлт тағылымы. – Алматы, 2009. – 165 б.
15. Black P., Wiliam D. Inside the black box: Raising standards through classroom assessment. – Granada Learning, 1998.
16. Максимова, А. А. Основы педагогической коммуникации: учебно-методическое пособие / А. А. Максимова. – Орск: Издательство Орского гуманитарно-технологического института (филиала) ОГУ, 2012. – 170 с.
17. Қыраубаева А. Ұстаз жазбалары // Пәнді оқытудағы заманауи ізденістер: технология және жаңашылдық – Алма-ты: Қазақ университеті, 2020. – 260 б.
18. Bryant M. The Development of the Massive Open Online Course Virtual Learning Environment Scale (MVLE) and Model to Measure Satisfaction of MOOC Online Learning Courses in Higher Education: A Mixed Methods Study. Dissertation for the Degree Doctor of Education. University of Louisiana at Lafayette.
19. Кекілбаев Ә. Ұстаз ұлағаты // А. Байтұрсынұлының алты томдық жинағы. Мақалалар, хаттар, А. Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. – Алматы: «Ел-шежіре», 2013. – Т. VI: – 384 с. – 150-172 б.
Ж.Т. Дәулетбекова, Қ.М. Рай, А.С. Набидуллин, К.С. Алдашева
Қазақcтан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.