Image

Ысқақ Дүйсенбаев

Өмірбаян

Ысқақ Дүйсенбаев (1910-1976) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1967), профессор (1971), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). 1910 жылы сол кездегі Ресейге қарасты Омбы облысында туған. Мәскеу қаласындағы Әдебиет институтын бітіріп, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының әдебиет секторында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, «Советский воин» газеті редакторының орынбасары болған. Майданнан оралып, Қазақстан Ғылым Академиясы төралқасының ғалым-хатшысы (1946), Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі (1949-61), Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі (1961-76) қызметін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ фольклоры, соның ішінде лиро-эпос, әдебиет тарихы, қазіргі заманғы әдебиет мәселелеріне арналған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты дайындаған жинақта 2015 жылы Ысқақ Дүйсенбаевтың «Абайдың поэмалары мен аудармалары» деген мақаласы жарияланды. 

Кітаптар