Абайдың немересі Уәсила Мағауияқызы – 1890 жылы туған, бір жасынан бастап ақынның өз қолында өскен немересі. Ол да өзге немерелері сияқты Абайды әкесіндей көрген. Уәсила жастайынан алғыр болып, Абай өлеңдерін бір естігеннен кейін қайталауды қажет етпей жатқа соғатын болыпты. Уәсила әкесі Абайдай өлең шығарған ақын, он саусағынан өнер тамған ісмер кісі болыпты.