Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі. Шәкәрім университетінің, Әлихан Бөкейхан университетінің және М.Қозыбаев атындағы СҚУ-нің құрметті профессоры. Алматыда ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында, Әл-Фараби атынд. ҚазМУ-да, «Қазақ Энциклопедиясы» Бас Редакциясында еңбек етті. Семейде Шәкәрімтану ҒЗО-ның, Алаштану ҒЗО-ның, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры қызметтерін атқарды. Қазір Шәкәрім университеті жанындағы Шәкәрім музейінің басшысы. Ол дайындаған «Шәкәрім» энциклопедиясы мен «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының отандық ғылымда орны ерекше. «Еркіндік фәлсапасы: Абай және Алаш алыптары», «Ұғым мәдениеті» еңбектері т. б. іргелі еңбектері жарық көрген.