Image

Тұрсынжан Шапай

Өмірбаян

Тұрсынжан Шапай – әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты. 1957 жылы Шығыс Түркістанда дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды тәмамдаған. Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар редакциясында, «Жазушы» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі, ҚР ҰҒА-ның М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, Абайтану бөлімінің меңгерушісі болды. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазіргі қазақ лирикасы, лирикалық тұлға және Абайтану мәселелеріне арналған. Жүзден астам ғылыми, әдеби және публицистикалық мақалалар авторы. 1994 жылы «Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы (1980 жылдар)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазіргі қазақ лирикасы, лирикалық тұлға жайлы және Абайтануға арналған. Тұрсынжан Шапай Әдебиет порталындағы «Кемеңгер» атты мақаласында Абайдың кемегерлігі мен даналығын астарлы талдап, Кемеңгер қазақтың келер ғасырдағы поэзиясы мен оқырманының мәдениетін қалыптап жатқанын өзі жақсы білді. Әдебиет сыншысының бұдан өзге «Ой түбінде жатқан сөз. Әдеби сын мақалалар», «Шын жүрек – бір жүрек. Әдеби сын, зерттеу, эсселер», "Қазақтың жаны. Публицистикалық толғаулар мен әңгімелер" деген еңбектері бар.

Кітаптар