Image

Төлеу Көбдіков

Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.

Жасынан Абайдан тәлім алған. Ертеректе жазған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Батыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол үзген. 40-жылдардың басында туған жеріне оралғаннан кейін қайта өлең жаза бастайды. 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне арналған “Сарыарқа”, “1916 жыл” (1940) атты өлеңдері бар. Соғыс жылдарында ақынның “Жеңіс серті”, “Ұлдарым”, “Төлегенге”, “Жаудан жерім тазарады”, т.б. өлеңдері газет-журналдарда жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына арналған “Абай тойы” (1945) поэмасы мен “Қазақстан” (1946) атты көлемді толғауы дүниеге келді. 1943 ж. облысаралық ақындар айтысына қатысқан. Мұқаш ақынмен әзіл айтыс жасап, кейін Уәйіспен, Нұрлыбек Баймұратовпен (1944) сөз сайысына түскен. Төлеудің “Алып күшті Отаным” (1948), “Өмір жыры” (1953), “Өлеңдер” (1955), “Жырларым” (1975) атты жыр жинақтары жарық көрген.

Өмірбаян

Кітаптар