Image

Төлеген Тәжібаев

Өмірбаян

Төлеген Тәжібаев (1910-1964) – ғалым, педагогика ғылымындағы қазақтан шыққан тұңғыш доктор, Қазақстан Fылым Aкадемиясының академигі, дипломат. 1910 жылы бұрынғы Сырдария губерниясында (қазіргі Түркістан облысында) туған. 1935 ж. Мәскеу академиясын бітірген. ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі, Халық ағарту комиссары, ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, ҚазҰУ-дың ректоры, КСРО-ның Үндістандағы елшісі, ҚазҰУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II—IV шақырылымдарының депутаты «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында бір көшеге Тәжібаевтың есімі берілген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған Таңдамалы еңбектердің V томында Төлеген Тәжібаевтың «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты зерттеуі жарық көрді. Бұл зерттеу мақаласында автор Абай бейнесінің психологиялық қырын ашты. Қазақ қоғамында педагогикалық, психологиялық көзқарастың қалыптасуына ықпал еткен академиктің зерттеулері Абайдың адам болмысын танып-білуі ғылыми психологияны оқымай-ақ, меңгерген ақын екеніне дәйекті дәлел. 

Кітаптар