Image

Тәкен Әлімқұлов

Өмірбаян

Тәкен Әлімқұлов (1918-1987) –  жазушы, әдебиет сыншысы. 1918 жылы Созақ ауданына қарасты Бабаата ауылында туған. 1953 жылы Мәскеудегі Әдебиет институтын бітіріп,  Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, "Лениншіл жас" (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарды. 1950 жылы алғашқы «Сапар» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Жазушы Абайдың шығармашылығын философия, эстетика тұрғысынан зерттеп іргелі еңбек жазды. Соның бірі 1972 жылы жазылған «Жұмбақ жан» мақаласында автор Абайдың поэтикасын, ішкі сырлы сипатын, терең астарлы табиғатын жан-жақты аша алды. Абай шығармашылығына арналған еңбектер бойынша ғалымның еншісінде 1954 жылы жазған «Абай» монографиясы, М. Әуезовпен бірлесіп жазылған «Из истории казахской литературы» зерттеу мақаласы («О прошлом и настоящем» (1958) бар. Сонымен қатар «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Әнді сүйсең, менше сүй», «Абайды тану туралы», «Тағы Абай мұрасы хақында», т. б. мақалаларында ұлы ақынның өмірі мен әдеби мұрасының, поэзиясының көркемдік-эстетикалық қуатын ғылыми сипатта зерттеген.

Жарияланымдар
Кітаптар
Тәкен Әлімқұлов шығармалары
Жұмбақ жан