Темірбек Қожакеев (1926-2003) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996). 1926 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітіріп, тұтас ғұмырын осы білім ордасында қызмет етуге арнаған. Қазақ сатирасын, сатира мақала, очерк, жазбалардың жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін зерттеді. Темірбек Қожакеев Абайдың өлең жолдарында поэзиямен теңесе сатира жанры да қамтылғанын дәйекті дәлелдеп, «Абай – сатирик» атты зерттеу мақаласын жазған.
Қожакеевтың қарымды қаламынан туған «Қазақ сатирасы», «Абай – сатирик», «Қазақ совет сатириктері», «Сатира және дәуір», «Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары», «Адам. Қоғам. Сатира», «Сатиралық жанрлар», «Сатира – күштілер қаруы», «Сатира негіздері» еңбектері және қазақ әдебиеті «Абай және Сұлтанмахмұт», «Қазақ мысалы», «Әлемнің Әуезові» құнды зерттеулері кеңес заманында қуғын-сүргінге ұшырасқан қайраткерлер, жазушылар, журналистердің өмір жолына арналған.