Image

Смағұл Сәдуақасұлы

Өмірбаян

Смағұл Сәдуақасұлы (1900-1933) –  мемлекет және қоғам қайраткері. 1900 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Смағұл кейіннен «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етті. 1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады. 33 жылдық қысқа ғана ғұмырында ел игілігі қызмет еткен Смағүл Сәдуақастың «Жастармен әңгіме», «Ұлт театры туралы», «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» деген кітаптары бар. Сондай-ақ, елеулі еңбектерінде Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен. Солардың бірі «Сәрсенбек» романы, . «Салмақбай, Сағындық», «Күміс қоңырау» повестері. Екі мәрте «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы болған. Смағұл Сәдуақасұлының қазақ әдебиетіне қатысты тұжырымына сай, ХІХ ғасырдың екінші жартысы жаңа кезеңнің, яғни, жазба әдебиетінің негізін салушылар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Абай Құнанбайұлы. 

Жарияланымдар
Кітаптар