Сәбит Мұқанов (1990-1973) – жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1901 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданына қарасты Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде туған. 1918 жылы Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болды. Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» («Еңбекші Қазақ», 01.03.1923) деп аталатын мақаласы көпке мәлім. Оның абайтану ғылымына қосқан елеулі үлесі – толымды монография жазуы. Бұдан бөлек, Сәбит Мұқанов «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» атты поэмалар мен «Сұлушаш», «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» очерктерін жазды.