Image

Сара Күзембаева

Өмірбаян

Сара Күзембаева — музыкатанушы ғалым, Өнертану ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. 1937 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргеліде туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тарих-теориялық факультетінде білім алып, осы білім ордасында теория кафедрасының оқытушы қызметінен ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметіне дейін жетті.  М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында, Қазақ ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында, Арқалық педогогикалық институтында қызмет еткен. Музыка өнері, қазақ операсы жайлы кітаптарынан бөлек, 100-ден астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы. Сара Күзембаеваның «Абайдың музыкалық шығармашылығы» атты мақаласы бар. 

Жарияланымдар
Кітаптар