Image

Сапар Байжанов

Өмірбаян

Сапар Байжанов (1930-1999) – журналист-жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.  1930 жылы қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында туған. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1950-1958 жылдары қазіргі «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде әдеби қызметкер, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеді. «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында бас редактор, Қазақстан КП ОК аппаратына жауапты қызметте, «Егемен Қазақстан» газетінің редакторы, ҚР Бас Мұрағат басқармасының басшысы болған. 1995 жылы Сапар Байжановтың «Абай және архив» деп аталатын көлемді еңбегі жарық көрді. Оның 2015 жылы жарияланған «Абайға қатысты кейбір архив деректері» мақаласында Қазақ ССР Мемлекеттік архивінде сақталған Абай өмірінің соңғы кезеңі, яғни, 1903 жылғы архив документтерін оқырман назарына ұсынды. Ол 30-ға жуық авторлық және аударма кітаптар, 300-ден аса мақала, очерк, эсселер және пьесалық шығармалардың авторы. Атап айтсақ, «Жаңа леп», «Құрыш зергерлері», «Ақ маржан», «Сұңқар көңіл самғайды», Қ. Исабаевпен бірігіп жазған «Қажыға барған қазақтар», «Алакөбеде оят мәні» романы бар.

Жарияланымдар
Кітаптар