Сағатхан Әшімбаев (1947-1991) – әдебиеттанушы, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1947 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. «Жүректен қозғайық», «Парыз бен қарыз» және шекара асқан қандастарымыз туралы «Қауышу» бағдарламаларын жүргізген. Сыншы «Ақын жанын жабырқатқан жайлар» атты мақаласында Абайдың ұлы ақын болуының сырын қозғайды. Сағат Әшімбаев ақын өлеңдері хақында қат-қабат келетін моральдық-идеялық пафосы бойынша қарағанда ер мен езді, асыл мен масылды, жақсы мен жасықты айырудың жолын ең алдымен өмірдегі жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресінен ежелгі ескі тартысынан іздеу керегін насихаттады. Оның қаламынан «Сын мұраты. Әдеби сын мақалалар», «Жазушы», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық», «Шындыққа сүйіспеншілік». «Ақиқатқа іңкәрлік», 2 томдық шығармалар жинағы: портреттер, зерттеулер, толғаныстар, «Азаматтыққа адалдық» шығармалары туындаған.