Рәбиға Сыздықова (1924-2020) – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келген. 1940 жылы Ақтөбедегі педогогикалық училищені бітіріп, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет етеді. 1944 жылы Ақтөбедегі пединститутта, 1945-1947 жылдары – қазіргі Абай атындағы қазақ ұлттық подогогикалық университетінде (бұрынғы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында) білім алып, 1947-1951 жылдары – осы білім ордасының аспирантурасында оқыды.
Ол бар ғұмырын Абай шығармасының тілін зерттеуге арнап, нәтижесінде екі томдық іргелі еңбек жазды. Абайтану аясында «Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық, «Абай шығармаларының тілі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бұл еңбекте мансап жолын ұстаздықтан бастаған зерттеуші Абайдың тіл байлығын безбендеп, сөз сырын саралау мақсатына жетті. Осылайша, 1968 жылы «Абай шығармаларының тілі» атты монографиясы үшін ғалымға Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, Рәбиға Сыздықова ұлы Абайдың ғасырлық тойы қарсаңында «Абай» энциклопедиясын шығаруға атсалысты. Абайды зерттеуге, тануға, жаңа қырынан танытуға қосқан айрықша үлесі мен елеулі еңбегі ескеріліп, 2009 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Оның ірі, ғылыми еңбектері – «Қазақ тілі методикасының негізгі мәселелері» (1954 жыл), «Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыш» (1959 жыл), «Қазақ тілі орфографиялық сөздігі (соавтор, 1960 ж.), «Абай шығармаларының тілі» (1968 ж.), «Абай өлендерінің синтаксистік құрылысы» (1971 ж.), «Сөздер сөйлейді» (1980 ж.), «Сөз сазы» (1983 ж.), «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (1984 ж.), «Жаңа сөздер мен тіркестер» (соавтар, 1984 ж.).
Сонымен қатар Абай шығармаларындағы қазақ әдеби тілінің мәдениеті, тарихы мен дамуы жайлы жарық көрген еңбектері бар.