Нұрлан Тлеубаев – 1970 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1999 жылы «Қазақ фольклорындағы дәстүрлі уақыт пен кеңістік ұғымдары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақ халық әдебиетінен бастап, Абай шығармашылығына дейінгі әдеби үдерістерді зерттеген. Абай поэзиясының фольклорлық негіздері, мәтіндік құрылымы мен түркілік дәстүрмен сабақтастығы туралы бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Негізгі еңбегі – «Абай және қазақ фольклоры» атты монографиясы.