Мырзагелді Кемел (1949-2020) — жазушы, публицист, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1949 жылы 15 қаңтарда Қызылорда облысы, қазіргі Түркістан өңіріндегі Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Ташкенттегі Ирригация және ауыл шаруашылығын электрлендіру инженерлері институтын тәмамдап, инженер-маман атанды. Кейін 2000 жылы заңгерлік білім алып, М. Х. Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқық факультетін бітірді. Көп жыл мемлекеттік қызметте, партиялық құрылымдар мен басқару жүйесінде еңбек етті, кейін Парламент Мәжіліс депутаты болды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, профессорлық қызмет атқарды. Оқырманға кеңінен танылған «Ақыл қалта», «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сынды тағылымдық, психологиялық-танымдық кітаптардың авторы. Бұл еңбектерінде адам рухы, ішкі мәдениет, ізгілік, парасаттылық, өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерін қозғап, ұлттық дүниетанымды заманауи түсініктермен сабақтастыра білді. Абай ілімін де осы арнада ұғындырып, оның өсиеттерін, дүниетанымын, адамгершілік қағидаларын бүгінгі қоғаммен үндестіре талдап отырды. Абайдың даналық философиясын, «толық адам» идеясын, тәрбиелік мұраттарын кеңінен насихаттады. Оның жазбаларында Абайдың «ақыл, қайрат, жүрек» үйлесімі, иман мен әділет тұжырымдамасы, ұлттық тәрбие туралы ойлары қазіргі заман адамына арналып, жаңаша пайымдалады.