Image

Мақсат Әліпхан

Өмірбаян

Мақсат Әліпхан – абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1963 жылы 24 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Ванновка селосында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде еңбек етті. Қазақ әдебиетінің көне дәуірінен бастап Абай, Шәкәрім шығармаларына дейінгі кең ауқымды рухани-әдеби кеңістікті зерттеп, оқу процесіне енгізуге үлкен үлес қосқан. Ғалым әдебиеттану, сопылық таным, ұлттық дүниетаным, адамгершілік ілімі, мораль философиясы сияқты тақырыптарды ғылыми тұрғыда зерделеп, оларды қазақ поэзиясымен сабақтастыра қарастырды.  Оның «Абай мұрасының өзекті мәселелері», «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай», «Абайтану тарихы», «Абайды оқы, таңырқа» атты зерттеулері – тек көркем мәтінді талдау емес, ақын дүниетанымын жүйелі тануға бағытталған кешенді ғылыми ізденістер нәтижесі. Абайдың адам туралы ілімі, ар-ұждан концепциясы, «толық адам» туралы көзқарасы ғалым еңбектерінде кеңінен талданып, ұлттық дүниетаныммен, сопылық-моральдық мектептермен салыстырыла қарастырылады. Әсіресе, «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты көлемді зерттеуінде ол Абай ілімін қазақ халқының рухани тәжірибесіндегі тұтас бір дәуірлік таным ретінде қарастырып, ақын философиясының әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени маңызын айқындайды. Бұл еңбекте Абайдың мораль философиясы – адам тәрбиесінің, ардың, ақыл мен жүрек үйлесімінің ілімі ретінде пайымдалады. 

Жарияланымдар
Кітаптар
Абайтанудың өзекті мәселелері