Image

Көкбай Жанатайұлы

Өмірбаян

Көкбай - Абайдың ең талантты ақын, әрі әнші шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған. 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Он жасынан бастап Төлетай деген молдадан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық құрып, ойын-сауық, той-думан қуып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талантты жас Көкбай домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-сауығынан қалмайтын болады. Он жеті жасында Семей қаласында оқу оқиды.

Жағрафиялық қоғамның Семейдегі бөлімі Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толуына арнап, 1924 жылы декабрьде жиылыс өткізеді. Абайды еске түсіру жиылысына арналып шығарылған Көкбай науқастығына қарамастан келіп, ұлы ақын, досы жайында халық алдында сөз сөйлейді.

 1925 жылы 5 октябрьде (ескіше 22 сентябрь) қайтыс болады. Сүйегі өзінің қыстауы Мұқыр, Тақыр деген жерде.

 

 

Кітаптар