Image

Ілияс Жансүгіров

Өмірбаян


1894 жылы Жетісу облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Ташкенттегі мұғалімдер курсында оқыған. 1925–1928 жылдары Мәскеудегі Журналистика институтында білім алды. Қазақ әдебиетінде поэзиялық эпопеяның негізін салған ақын. «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары арқылы халықтық рух пен замана жүгін жырлады. Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы болды. 1937 жылы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Абайдың 1933 жылғы толық жинағына алғысөз жазып, поэзиясының көркемдік құрылымын алғаш талдаған тұлғалардың бірі.


Кітаптар