Image

Ханғали Сүйіншәлиев

Өмірбаян

Ханғали Сүйіншәлиев (1918-2006) – ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984). 1918 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған. 1943 жылы Орал педогогика институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысына аттанды. 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1953 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы, профессор болған. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы хақында, әсіресе Абай шығармашылығына арналған. Ханғали Жұмашұлы «Абайдың қара сөздері» атты іргелі еңбек жазып, абайтану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. Ханғали Жұмашұлының қаламынан туған «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Ізденіс іздері», «Саңлақтар сарабы», «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген еңбектері бар. 

Жарияланымдар
Кітаптар