Қалижан Бекхожин (1913-1990) — ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), Мемлекеттік сыйлық иегері. 1913 жылы Павлодар қаласында туған. 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында жұмыс істеген. 1949 жылдан бастап шығармашылыққа бет бұрды. Замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін алғашқы лирикалық туындыларына арқау етті. «Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде ол бүгінгі ақындардың жай-күйін тілге тиек етіп, қабырғада ілінген суреттегі бейнесіне қарап, Абайға сұрақ қояды.
Жазушы Абайдың үздік поэзиясын Еуропадан іздеу керек деген ұсыныс айтқан. Қалижан Бекхожин «Менің замандастарым» кітабы үшін Қазақ КСР- інің Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығын алды (1978). Өрен ұрпақты ел мүддесін жоғары қоятын қайсар әрі рухты жас болуға баулу үшін "Жусан" поэмасын жазды.