Image

Герольд Бельгер

Өмірбаян

Герольд Бельгер (1934-2015) – жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы. Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Энгельс қаласында дүниеге келген. 1941 жылы отбасымен Қазақстанға жер аударылған.

1944 жылы қазақ орта мектебіне барып, оқуын 1953 жылы аяқтады. Содан кейін бір жыл ауыл мектебінде жұмыс істеді. 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтындағы литфактың орыс-қазақ бөлімшесіне оқуға түсіп, 1958 жылы Байқадам орта мектебінде (1958-1960), одан кейін ҚазПИ аспирантурасының «Абай әдістеме» кафедрасында 3 жыл оқыды.

Бельгер екі жыл "Жұлдыз" журналының қызметкері болды. 1994 жылы Герольд Бельгер Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болып сайланды, содан кейін ол қайтадан кәсіби шығармашылық жұмысқа оралды. Герольд Карлович Алматы шет тілдері институтын бітіріп, неміс тілінің маманы болып шықты. Ол ұзақ жылдар бойы аудармашы, мұғалім, редактор қызметтерін атқарды.

Қаламгердің «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» атты зерттеу еңбектері жарық көрген. Белгілі әдебиет сыншысыАмангелді Кеңшілікұлы: «Герағаңның ұшы-қиыры жоқ алып мұхиттай әдебиет кеңістігінен тапқан олжасы көп, бірақ, пір тұтып, әулие санап, бойтұмарындай қастерлеп өткен үш ұлы ардақтысы болды, олар – Гете, Пушкин және Абай», - деп жазды.

Жазушы әрі зерттеуші ғалым өзінің «Абай мен Гете» зерттеу еңбегінде: «Менің Абайды тануым Гетені түсінуден басталуға тиіс сықылды еді. Қаншама қазақша оқып, қазақ ауылында өстім дегенмен, неміс емеспін бе? Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Мен әуелі Абай арқылы Гетені таптым. Бұл әншейін айтыла салған жылтырақ сөз емес. Басқасын былай қойғанда, Гетенің әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» атты өлеңін мен әуелі Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін оқып барып, Лермонтовтың «Тау шыңдары» арқылы бойыма сіңіріппін». «Ұлы адамдардың, оның ішінде әр халықтың дана ақындарының арасында рухани жақындықтың, рухани тамырластықтың тіпті туысқандықтың бары анық болса, сол жақындық, сол туыстық Гете мен Абай творчествосында айырықша айқын біленеді», – деп қазақтың ұлы ақының, оның терең мәнді шығармаларын зерттей отырып, өз пікірін білдіреді.

Жазушының 20-ға жуық құрастырған жинақтары мен 25-тен аса мақалалары мен әңгімелері кірген жинақтары бар. Оның қаламын туған «Лики слова», «Помни имя свое», «Тихие беседы на шумных перекрестках», «Этюды о переводах, И. Жансугурова», «След слова», «Дом скитальца», «Гармония духа», «Рус. Книга», «Автобиографические эскизы». «Туюксу», «Даик пресс», «Плетенье чепухи», «Мұнартау». «Өлке», «Разлад», «Казахские слова» деген шығармаларын атауға болады.

Герольд Бельгердің 45 кітабы, 1600-ден астам мақаласы жарық көрген. Қазақ прозасының ондаған томын қазақ тілінен орыс тіліне аударған.

Кітаптар