Image

Ербол Тілешов

Өмірбаян

Ербол Тілешов – жазушы, саясаткер. 1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақтың белгілі ғалымы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетін 1992 жылы бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. 1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды.

2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.

2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды. 2023 жылдың 27 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы лауазымын атқарады. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялык көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы. 1996-1999 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының дарынды жас ғалымдарға берілетін арнаулы стипендиясына ие болды.

Жарияланымдар
Кітаптар
Абай шығармашылығы және қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасуы 10-том