Дандай Ысқақ – сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). 1946 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген.
ҚазҰУ-ды (1969), Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1974) бітірген. 1975-1977 жылдары Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, 1977-2000 жылдары ҚазҰУ-да оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 2000-2004 жылдары Еуразия университетінде профессор, С. Демирел атындағы университеттің проректоры қызметін атқарған.
Аударма саласындағы Абай дәстүріне айрықша маңыз танытып, түрлі зерттеу жүргізді. Ғалымның Алаш қайраткері Мұхтар Әуезов жайлы «Мұхтар Әуезов. Талант пен тағдыр», «Мұхтар Әуезов хақында мақалалар» еңбектері бар. Ғалым Алаш қайраткерлерінің қазақ әдебиеті сыны тарихындағы орнын дәйектеуге үлкен үлес қосты.