Image

Болат Әбділманов

Өмірбаян


Болат Әбділманов1960 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарагөз - Кенғарын ауылында дүниеге келген. 1982 - 1986 жж.  Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтына актер мамандығын тәмамдады. 1982 - 1983 жж. Қазақфильм киностудиясында жұмыс істеген. 1985 - 1993 жж. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры. 1993 - 2006 жж. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеген.  2006 - 2016 жж. Қазақфильм киностудиясы. 2016 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қайта еңбек етеді.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001), «Құрмет» Ордені (2009), "Құлагер" сыйлығы (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016), "Парасат" орденінің иегері (2021), "Түрік әлеміне сіңірген еңбегі" үшін алтын медаль иегері (2022). 






Жарияланымдар
Кітаптар