Бернияз Күлеев (1899-1923) – белгілі ақын, саясаткер. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінде аса үлкен орны бар тұлға. Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші аулында (қазіргі Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келді. Қысқа ғұмырында ағарту, баспа, газет ісіне белсене араласты. Республика халық ағарту комиссариатының қазақ тіліндегі кітаптарды бастырушы өкілі болып Қазан қаласында жүрген кезінде қайғылы қазаға ұшырады. «Ұшқын» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ мұңы» газеттерінің алқа мүшесі болды. Қазан қаласында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» жинағын құрастырып, алғы сөзін жазған, Сәкен Сейфуллин шығармаларының басылуын қадағалап, қамқорлық жасаған.
Бeрнияз Күлeeв — Aбaй үлгiсiн шығармашылығына арнау еткен aқын. Мұны бiрaз зeрттeушiлeрдiң пiкiрiнeн бaйқaуғa болaды. Бeлгiлi әдeбиeт зeрттeушiсi Aйқын Нұрқaтов тa «Aбaйдың өлeң үлгiлeрi мeн өлшeулeрiн көп қолдaнғaн aқындaрдың бiрi - Бeрнияз Күлeeв» дeп aтaп өтeдi. Тaбиғaт, жaрaтылыс сурeттeрiн бeрудe Бeрнияз қaлaмы көп жaғдaйлaрдa ұлы ұстaзының iзiмeн әсeм өрiлiп отырaды. Осыдaн бaрып ғaлым тaғы мынaдaй мәлiмeт бeрeдi. «Aқынның кeй мeзeттeрiн aтaмaстaн бұрын мынa бiр жaйды aйтa кeту шaрт. Қaзaқстaн Оқу xaлық комиссaриaты Aбaйдың өлeңдeр жинaғын дaярлaуды Бeрнияз Күлeeвкe тaпсырaды. Осығaн дaярлық рeтiндe ол «Aқжол» гaзeтiнe aрнaйы мaқaлa бaстырaды. Бeрнияз Күлeeвтiң өз aйтуынша қарағанда, ол Aбaйдың тұңғыш жинaғынa eнбeгeн өлeңдeрiн толық қaмтуды, оның қaрa сөздeрiн eнгiзудi, aқын өмiрiнe бaйлaнысты иллюстрaциялaр бeрудi, өмiрбaянын толықтырып, кeңiнeн қaмтып жaзуды мaқсaт eтeдi».
«Еңбек туы» газетінде ақынның азаматтық ұстанымы айқын аталған. Газетте «Қазанда басылып жатқан қазақша оқу кітаптары» деген тақырыппен жарық көрген материалда былай жазылады: «Қазірде осылардан басылып бітіп Орынборға келгені тіл құралы І 35000. Жиналып болып қағазға қарап тұрғаны баяғы Тіл құралы ІІ, Есеп құрал ІІ. Қырат кітабы жиналып жатыр. Есеп құралы І, оқу құралы жартылап басылады. Бұларға жетерлік қағаз алынды. Қағаз болса басылуға дайындалып қойылған кітаптар: Қырық мысал, Абай – өлең жыр құрамасы. (Газет журналдарда жазылған тағдырлары). Бұл кітаптарды бастырып басында жүрген жігіт Бернияз Күлейұлы. 29-ншы октабрде Орынборға кітап алып келді. Жақын арада қайтадан Қазанға жүреді».
Ақын талай қоғамдық жұмыстар атқара жүріп, шамамен 200-ге тарта өлең–толғаулар, қысқа шумақтар, баллада, поэмалар, драма жазып, орыс классикасының кейбір үлгілерін қазақ тіліне аударып, келер ұрпаққа құнды мұра қалдырған дарабоз талант иесі.