Image

Бейсенбай Байғалиев

Өмірбаян

Бейсенбай Байғалиев (1944-1998) – әдебиет зерттеушісі, архивтанушы. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты архив материалдарын қазіргі қазақ тіліне жоспарлы түрде дәлме-дәл көшіру мәселесін тұңғыш рет ұсынып, бұл игі істің жүзеге асуына үлкен үлес қосты. Абай мен Мұхтардың өмірі мен шығармашылығына байланысты архив деректері негізінде жазылған көптеген мақалалары республикалық баспасезде жарияланды.

Мұхтар Әуезов дайындап, бастырған Абайдың толық жинағының 1933, 1940, 1945, 1954, 1957 ж. және одан бұрынғы басылымдарды салыстыра отырып, ұлы ақын шығармаларының 2 томдық академиялық толық жинағын дайындауға (1995), араб, латын таңбаларында шыққан мәтіндерді, қолжазбаларды тексеруге, ғылыми түсініктерді жазуға қатысты. Сонымен қатар ғалым Абайдың өмірбаянын індете зерттеп, ақын өміріндегі нақты сандарды жүйеледі, мұрағат құжаттарын қазбалап, дәйекті деректерді алға тартты. Абайдың өмір жолына байланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашу мақсатында арнаулы еңбек жазып, ақынның қоғамдық-әлеуметтік қызметі туралы архив деректерін жинақтады. Абай шығармасы есесбінде қате танылып жүрген архив құжаттарына талдау жүргізілді. Жинақтай айтқанда, зерттеушінің жазып шыққан «Абай өмірбаянын архив деректерінде» деген еңбегі Абайды түбінен түсінуге жол ашары сөзсіз.

Жарияланымдар
Кітаптар