Бағашар Тұрсынбайұлы
1990 жылы 27 сәуірде Алматы облысында дүние есігін ашқан. Әдебиет сыншысы, журналист.
Ш. Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатын бітірген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің түлегі.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінде бөлім редакторы, «Жас қазақ» республикалық саяси-қоғамдық газетінде журналист, «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Жас Алаш» газетінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
«Тіл мен жүрек», «Сөздің жолы», «Абайдан қалған арман», «Абай Құнанбайұлы кім?» кітаптарының авторы. ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,