Image

Асан Омаров

Өмірбаян

Асан Омаров – абайтанушы-ғалым, техника және философия ғылымдарының кандидаты. «Абай жаңаша үлгідегі басылым» атты 2 томдық кітабының, Бүгінгі Абайтану» (2011 жыл) «АБАЙ: ашылмай келген қырлары» атты монографиялардың (2021 жыл) авторы.

Асан Омаров Абай өлеңдерінің нақты жазылу жылдарын анықтау мақсатында тың зерттеулер жүргізді. Бұрынғы зерттеу материалдарында Абай өлеңдерінің жалпы саны 170-тен астам деп болжанса, ғалым Абайдың нақты 195 өлең бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар Асан Омаров Омск архивінен табылған «Жаңа закон» атты поэманың Абайға тиесілі екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Бұл поэма Абайдың заң, әділет мәселелеріне қатысты көзқарастарын көрсетеді. Ғалым бұл еңбекті Абайдың шығармалар жинағына қосу қажет екенін атап өтті.

Асан Омаров Абайды поэзияның жаңа бағытын қалыптастырған дүлдүл ақын, кемел ойшыл, дегдар философ ретінде қарастырды. Абай шығармашылығындағы әділет, махаббат ілімдерін зерттеп, олардың Шәкәрімнің «ар ілімі» мен сабақтастығын көрсетті. Абайдың әділет туралы ілімін саралап, тұтас адамзаттың тыныштығы мен берекесі үшін маңызды екенін атап өтті.

Кітаптар