Image

Қанипаш Мәдібаева

Өмірбаян

Қанипаш Мәдібаева – әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1951 жылдың 12 ақпанда қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданының Жемді ауылында дүниеге келді. 1968-1972 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, үздік дипломмен аяқтады. Орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді, республикалық «Қазақстан», «Қайнар», «Жалын» кітап баспаларында, «Жалын» журналында қызмет істеді. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері болды. 1995 жылы «Зар Заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1997 жылы доцент ғылыми атағын алды. Қанипаш Мәдібаеваның тағы бір назар аударарлық еңбегі —  «Абай өлеңінің құрылысы» атты мақаласы. Бұл мақалада автор Абай поэзиясының құрылымдық ерекшеліктерін, өлең формасы мен поэтикалық заңдылықтарын талдайды. Зерттеуші Абай шығармашылығын ауызша және жазбаша дәстүрлер тұрғысынан саралап, өлең құрылымының тарихи-эстетикалық мәніне тереңдей үңіледі.

Кітаптар
Абайтану: оқу құралы