Амантай Исин – тарихшы, профессор. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында 1951 жылдың 15 желтоқсан күні туған. 1959-1963 жж. Қайнар орта мектебінің 1-4-сыныптарында, 1963-1969 жж. Алматы қаласындағы № 25 мектептің 5-10-сыныптарында оқыды. 1969-1974 жж. Семей педагогикалық институттың тарих-педагогика факультетінде оқыды. 1974-1979 жж. Семей қаласындағы № 13 орта мектептің мұғалімі, 1980-1981 жж. Семей облыстық мәдениет басқармасының Халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту ғылыми орталығында редактор, аға ғылыми қызметкер, халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі болды. 1982 ж. облыстық «Семей таңы» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 1983 ж. бастап Семей педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1997 жылдан бері Шәкәрім университетінің доценті, профессоры. Республикалық «Абай» журналының редколлегия мүшесі қызметін атқарды. Бұл күнде «Абай» журналының редакторы.