Image

Амангелді Кеңшілікұлы

Мәдениеті озық екі елдің ақындарынан Абайдың артықшылығы ол Шығыстың да, Батыстың да даналығын ой сүзгісінен өткізіп, бойына сіңіріп, әлемдегі барлық халыққа ортақ идеяны ұсына білген - адамзаттың әулие ақыны

Өмірбаян

Амангелді  Кеңшілікұлы – 1968 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1992 жылы «Арыс» қорында, 1997 жылы «Санат» баспасында, Қазақ телерадиосы корпорациясында, 1999 жылдан Алматы қалалық мәдениет және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінің аударма бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. «Жұлдыз», «Парасат», «Таңшолпан» журналдарында, «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Өркен», «Алтын орда», «Қазақ әдебиеті» сияқты газеттерде әдебиет, саясат, әлеуметтік мәселелер туралы мақалалары, эсселері жарық көрген. 1999 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Президенті стипендиясының иегері. 2002 жылы әдебиет саласындағы «Сорос – Қазақстан» қорының грантын жеңіп алды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005). "Ақ жауын", "Қарлығаш-дәурен", басқа да жинақтары жарық көрген.

Қазақ поэзиясы мен эстетика мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген. Абайдың философиялық ойлары мен поэтикалық құрылымын қазіргі поэзиямен байланыстыра қарастырған. Негізгі еңбектері: «Абай поэтикасы: көркемдік және таным», «Абай дәстүрі және ұлттық код».


Кітаптар