Image

Алмахан Ғабдуллина

«Абайдың қабырғалы қарасөздері жастарға бағдаршам, адасқан өмір жолаушысына жетіқарақшыдай жәрдемші»


Өмірбаян

Алмахан Ғабдуллина – ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» орталығының директоры, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеп, насихаттауға зор үлес қосқан абайтанушы ғалым. 1962 жылы 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тәмамдаған.

Алмахан Мұхаметқалиқызы өз еңбек жолын журналистика саласынан бастады, кейін Абай қорық-мұражайында бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 2010 жылы Астана қаласында Қазақстан-Ресей университеті жанынан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын ашып, оның негізін қалаушы болды. Бұл орталық Абай шығармашылығын зерттеп, насихаттауға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.

Абай шығармашылығын талдау мен танытуды таяныш еткен «Абайдың «Әліп би» өлеңі», «Абай атадан алтау емес», «Абайтану және Қайым әлемі», «Абай шығармаларындағы ауыз әдебиеті мен ырым-тыйымдар» сынды көптеген мақалалардың авторы.

Ғалым «Астана ақшамы» газетінде «Абай нұры» айдарымен жарияланған бірқатар зерттеу мақалалары арқылы Абай шығармашылығын кеңінен танытты. Ұлттық телевизия кеңістігінде «Абай әлемі» деген бағдарлама ұйымдастырып, ақын мұрасын кеңінен танытуға үлес қосты. Алмахан Мұхаметқалиқызының зерттеу мақалалары мен баяндамалары мерзімді басылымдарда жарияланып, қазақ әдебиетінің дамуына ықпал етіп келеді.

Кітаптар