Image

Алексей Белослюдов

«Абай простыми словами, понятными каждому киргизу, излагал основные идеи философии»


Өмірбаян

Алексей Белослюдов (1887- 1939) – педагог, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан орыс ғалымы әрі аудармашы. 1887 жылы 16 наурызда Семей қаласындағы Сібір казактарының кедей отбасында туған. Семей қаласындағы ер балаларға арналған гимназияны бітірген. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Абай шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесіне белсене араласып, алғашқы авторлардың бірі есебінде Абай шығармаларын тәржімалаған. Ғалымның Абай Құнанбайұлының «Сүйіспеншілік туралы» өлеңін орыстіліне алған аударғаны жайлы айтылады. 1914 жылы 10 наурызда Томск қаласындағы ағасы Николайға: «Құнанбаев өлеңдері туралы «Сібірмен» («Сибирский студент») келісіп қой, өлеңдер орысшаға аударылғаннан кейін, қырғыз (қазақ) поэзиясы туралы кішкентай мақала жазып, соған қосып жібер. Мақала жазған кезіңде қажет болып жатса, оларды өзің-ақ ұйқасқа түсіріп кер, мүмкін, бірдеңе шығар. Мен де сенен жақсы жаза алмаймын ғой. Бірақ, байқап көруге бармын. Егер өзің ештеңе істемесең, Витяға жібер», - деп жазды. Ал 1915 ж. Г. Н. Потанинге жазған бір хатында Семейдегі қазақ жастарының үйірмесі ұйымдасқанын, олар қазақтың халық фольклоры мен этнографиясын жинау ісімен шұғылданатынын, өзінің бірінші кезекте Абай Құнанбаев шығармаларын орысшаға аударуды міндет қылып отырғанын айтады. Сол жылы «Сибирский студент» журналына қырғыз (қазақ) поэзиясы туралы мақала жариялап, орыс халқын қазақ әдебиетімен, оның көрнекті өкілдері - Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен таныстыруды мақсат етеді. 1916 жылдан бастап өлкетану, фольклор, этнография салаларын зерттеуге ден қойған. 1930–1935 жылдары Семей қаласындағы арнаулы оқу орындарында ұстаздық еткен. 1938 жылы Алматыға қоныс аударған.

Ғалым Қ. Сәтбаевпен де жақын таныс болған. Оның еліне барып, Баянауылда халықтың әдеби мұрасын жинаған. А. В. Затаевичпен бірге жүріп, ел аралап, өлеңдер, әңгіме, жырлар жинасқан. М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаевтардың ақыл-кеңесімен қолында сақталып қалған әз архивін, бауырлары Виктор, Федор, Николайлардың да архивтері мен фотосурет, картиналарын Қазақстан Республикасы ҰҒА-сына өткізген.

Жарияланымдар
Кітаптар