Image

Қалдыбек Сейданов

Өмірбаян

Қалдыбек Сейданов – әдебиеттанушы, профессор. 1964 жылы Ташкенттегі Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың тарих‑филология факультетінде білім алып тәмамдаған. Өзбекстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында аға лаборанттан бастап доцентке дейін қызмет істеген. Қазақ‑өзбек әдеби байланыстарын зерттеп, «Туысқандар», «Абай және Орта Азия», «Науаи және қазақ әдебиеті» секілді монографиялары бар. Өзбекстандағы қазақ әдебиеті оқулығы мен оқу құралдарын құрастырып, «Нұрлы жол» газетінің бас редакторы болған. Сонымен қатар «Тоғысқан тағдырлар», «Сүймегенге, сүйкенбе!», «Тағдыр» романдары мен 20-дан астам әңгімелер мен жыр жинақтарының авторы.


Кітаптар