Айнаш Сейітова – абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. 2009 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұловтың жетекшілік етуімен «Абай поэзиясындағы шығыстық сарындар» тақырыбында диссертация қорғап, ғылыми дәреже алған. Бұл зерттеуінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен шығыс әдебиетінің қисынын талдаған. Сонымен қатар ғалымның «Абай мен Хафиз шығармаларындағы «жүрек культінің» ғашықтық тақырыбымен ұштасуы» деген ғылыми мақала жарық көрген.