Image

Ахмет Жұбанов

Өмірбаян

Ахмет Жұбанов (1906-1968) – қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым-фольклоршы, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор.  Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Жасынан музыка өнеріне бейім екенін байқатып, домбыра, скрипка аспаптарының сырын меңгерді. 1929-1932 жылдары Ленинград музыкалық техникумында, Ленинград консерваториясында білім алды. 1932 жылы Ленинградтағы «Актер шеберлігі» мектебінің аспирантурасына түседі. Бірақ 1 жылдан кейін Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады. 1993 жылдан бастап педагогикалық қызметпен айналысып, Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі әрі дирижері, Алматы консерваториясының ректоры, өзі ұйымдастырған халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптанудан сабақ берді. 1961-1968 жылдары Әдебиет және өнер институтының өнер бөлімін басқарды. А. Жұбановтың алғашқы зерттеу мақаласы Санкт-Петербордың «Рабочий и театр» журналында жарияланды. Ерекше дарын иесі өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. Ғалым Абай Құнанбайұлы шығармашылығының сазды ырғағына, сыршыл табиғаты мен лағыл тұнығына, Абай әндерінің туындауына, қазақтың мәдени өміріне «тығыз араласқанына» айрықша назар аударды. Абайды сазгер ғана емес, ән-күйдің ұлы сыншысы ретінде бағадалы. Бұған қатысты «Замана бұлбұлдары» (Қазақтың әнші-композиторлары, әнші-орындаушылары туралы әңгіме-очерктер) еңбегінде «Абайдың: Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне бірі жуықтап, Тебінісіп, қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап, - деп, осы жайды, халықтың музыканы аса жақсы көретінін, әлгі әншінің даусына жиналып қалатынын айтқан болу керек. Әннің тек басталуы емес, оның орындау белестеріндегі неше алуан кездесетін нақыстарына да тоқтайды. 

Академик А. Жұбанов қазақ халқының мәдениетін ілгерілетіп, қазіргі кәсіби музыка негізін қалаған аға буын композиторы ретінде Абай шығармашылығын шарықтатып өтті. А. Жұбановтың Л. Хамидимен бірге жазған «Абай» операсы қазақ опера өнеріндегі ерекше құбылыс ретінде бағаланды. Жалпы А. Жұбановтың ғылыми еңбектері халық ортасынан шыққан әнші, күйші, композиторлардың шығармашылығына арналған. Ғалымның «Құрманғазы», «Мұқан Төлебаев», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары», «Өскен өнер», «Ғасырлар пернесі» ктіаптары қазақ музыкасының әр түрлі кезеңдерін қамтитын іргелі зерттеулер екенін айта кеткен жөн.

Кітаптар
Абайтану таңдамалы еңбектер V том