Image

Ахмеди Ысқақов

Өмірбаян

Ахмеди Ысқақов – тілтанушы-ғалым. 1910 жылы 21 қарашада Семей облысының Абыралы ауданында дүниеге келген. Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956), Ахмет Байтұрсынұлы бастап берген қазақ тіл білімінің негізін қалаған профессор Қ.Жұбанов, Т.Сауранбаев, І.Кеңесбаев секілді аға буын тіл мамандарымен бірге көтерілген түркітану ғылымының ірі өкілдерінің бірі.

Ол 1944 жылы «Құрмет белгісі», 1960 жылы «Еңбек Қы­зыл Ту», 1980 жылы «Халықтар достығы» ордендерімен, әлденеше медальмен, Мақ­тау грамоталарымен марапатталды. 1970 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы­ның қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде, сондай-ақ академияның жалпы жиналысында республика ғылымына еңбегі сіңген қайраткер А.Ысқақов ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1974-1986 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөзді­гін» құрастыру жұмысын ұйымдастырып, сөздікті редакциялап, баспадан шығарған еңбегі бағаланып, «ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының иегері» құрметті атағы бе­ріл­ді (1988).

Қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасын зерттеген. Оның бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай шығармаларының сөздігі» құрастырылған. А.Ысқақовтың жалпы редакциясын басқаруымен «Абай тілі сөздігі» ( 1968) жарық көрді. Оның «Абай және қазақ әдеби тілі» деген мақаласында («Абай тағылымы».-А., 1986) ақынның қазақ әдеби тілін дамыту тарихында алатын орнына, әдеби тілді бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы айрықша еңбегіне, ақын тілінің мәдениеті, сөз қолдану шеберлігіне жан-жақты талдау жасалған.

Кітаптар