Image

Абай Құнанбайұлы

Өмірбаян

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы, ағартушысы, композиторы және қоғам қайраткері. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық сананың оянуына зор үлес қосқан тарихи тұлға.  Абай өлең жазуды он жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. 

Абай ауқатты әрі беделді әулеттен шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы – ел басқарған би, аға сұлтан болған. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Абай бала жасынан білімге құштар болып, алғаш ауыл молдасынан оқып, кейін Семейдегі медреседе және орыс мектебінде білім алды. Ол шығыс классиктерін (Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи), орыс және батыс әдебиетін (Пушкин, Лермонтов, Крылов, Байрон, Гете, Шекспир) оқып, мол рухани азық алды.

Ақынның шығармашылықпен еркін айналысуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Мекемтас Мырзахметұлының дерегі бойынша, ақынның 223 өлеңі (169 – төл өлеңі, 54 – аударма), 45 қарасөзі, төрт поэмасы («Масғұт», «Ескендір». «Әзім әңгімесі», «Вадим» (аударма), үш күйі («Торжорға», «Май түні», «Абай желдірмесі») бар, 28 әні 65 нұсқада айтылады. Ең көлемді өлеңі – «Сегізаяқ» 25 шумақ, 200 тармақтан тұрады. Ең күрделі сөзі – 38-сөз.

Абай шығармаларында халықтың әлеуметтік мәселелері, надандық, әділетсіздік, адамгершілік пен еңбек туралы терең ойлар көрініс тапқан. Оның «Қара сөздері» – философиялық, тәрбиелік және танымдық мәні зор прозалық шығармалар. Ақын ретінде ол қазақ поэзиясына жаңаша мазмұн, форма және стиль алып келді.

Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже.  Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Ақын 1904 жылы 59 жасында туған жерінде дүниеден өтті. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.

Кітаптар
Абай. Өлеңдер (қырғыз тілінде)
Абайдың өмірі мен творчествосы 1954 ж
Абай (Ибраһим) Құнанбаев . Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том 1986
Абай өлеңдері. 1994 жыл
Абай - "Сен де бір кірпіш дүниеге"
Абай шығармалары (татар тілінде)
Абай поэмалары (француз тілінде)
Abai: poesie et prose
Abai kounanbaiev: paroles edifiantes
Абай (парсы тілінде)
Абай (моңғол тілінде)
Абай (моңғол тілінде)
Абайдың қара сөздері (қытай тілінде)
Абай поэмалары
Абай таңдамалы өлеңдері. 1943
Абай таңдамалы өлеңдері. 1944
Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы, 1957
Абай Құнанбаев 1988
Абай Құнанбайұлының таңдамалы өлеңдері
Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы, 1957
Абай. Қара сөздер мен аудармалар
Абайдың қара сөздері (кәріс тілінде)
Абай. Қара сөз
Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдері. 1939
Абайдың қара сөздері
Абай Құнанбаев (парсы тілінде)
Жаздым үлгі жастарға
Даналық дариясы
Абай және Алаш сабақтастығы
Абайдың педагогикалық дүниетанымы
Абайдың өмірбаяны 1-том 3-бөлім
Абай Құнанбаевтың шығармалары 2-том
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаевтың қолжазбасы
Орыс тіліне аударылған Абай өлеңдері
Абай туралы ескерткіштер
Абайдың хаттары мен ертегілері
Абайдың өлеңдері туралы
Абай шығармалары 1994
Абай (Ибраһим) Құнанбаев ІІ том 1957
Абай Шығармаларының екі томдық толық жинағы бірінші том 2003
Абай 1946ж (араб тілінде)
Абай
Абай және Алаш
Таңдамалы өлеңдер 1939
Абай және Шығыс 1995
Өкініші көп өмір кеткен өтіп...
Қалың елім қазағым...
Абай шығармашылығындағы адамзатты сүю идеясы
Ата ақылы
Екі томдық шығармалар жинағы
Ғылым таппай мақтанба
Абай - "Қалың елім қазағым"
Қара сөздер
Абай: қара сөздер - поэмалар
Өлең - cөздің патшасы
Абай - қара сөздер
Сен де бір кірпіш дүниеге
Шығармалар екі томдық
Абай шығармалары
Абай шығармаларының бір томдық жинағы
Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдығы 1995
Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдығы. Екінші том
Абай - "Таңдамалы өлеңдер". 1985 жыл
Абай - "Таңдамалы шығармалары" (1952)
Абай Құнанбайұлы - "Қалың елім қазағым...". 2006 жыл
Абай: Жетінші сөз
Абай шығармалары. 2-том (1940 жыл)
Абай Құнанбайұлы - Таңдамалы өлеңдері (1934 жыл)
Абай Құнанбайұлы - Таңдамалы өлеңдері (1936 жыл)
Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық жинағы
Абай - Қара сөз (2011 жыл)
Абай - Қара сөздер (2007 жыл)
"Қара сөздер" (2007 жыл)
Абай - "Өлеңдер"
Абай шығармалары. 1-том
Әуезов һәм Абай 2-том
Толық жинақ 1-том
Толық жинақ 2-то
Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы 2-том
Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы 1-том
Абай шығармаларының академиялық толық жинағы 2-том
Абай өлеңдері (ағылшын тілінде)
Абай. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар (ағылшын тілінде)
Абай өлеңдері мен поэмалары (әзірбайжан тілінде)
Абай өлеңдері (белорусь тілінде)
Абай. Таңдамалы жинақ (белорусь тілінде)
Абай өлеңдері (грузин тілінде)
Абай өлеңдері (қырғыз тілінде)
Абай өлеңдері (латыш тілінде)
Абай шығармашылығы (армян тілінде)
Абай шығармалары (корей тілінде)
Абайдың қара сөздері (қытай тілінде)
Абайдың қара сөздері (қытай тілінде шыққан)
Абай өлеңдері (қытай тілінде)
Абайдың қара сөздері (моңғол тілінде)
Абай шығармалары (моңғол тілінде)
Абай туындылары (моңғол тілінде)
Абай өлеңдері (орыс тілінде)
Абай өлеңдері (орыс тілінде)
Абай жырлары (ұйғыр тілінде)
Абай (румын тілінде)
Абай шығармашылығы (украин тілінде)
Абай шығармашылығы (эстон тілінде)