Ұлы ақыннның дүниеге келген және баз кешкен күндері қашаннан, қалай аталып келеді?
Қайым Мұхамедханов
Абай дүниеден қайтқаннан кейінгі әрбір он жылда ұлы ақын еске алынып отырды.
Абайдың өлгеніне он жыл толуына байланысты еске алу кеші бірінші рет ақынның туған жерінде - Семей қаласында өткізілді. Еске алу кешін өткізуге ұйтқы болған Орыс жағрафия қоғамының Семейдегі бөлімшесі еді. Абай құрметіне арналған бұл кешті бастап ұйымдастырушылар - семинария мұғалімдері Назипа, Нұргали, Құлжановтар және Абайдың баласы Тұрагұл, інілері Шәһкәрім, Кәкітайлар болады.
1914 жылы қаңтардың 26-сы күні өткен кеште Назипа Сағызбайқызы Құлжанова Абайдың өмірі туралы орыс тілінде баяндама жасайды.
Еске алу кешінің қалай және қандай дәрежеде өткенін: сол кеште болған және кеш туралы өз пікірін, кештен алған әсерлерін жазған журналистердің мақалаларынан көреміз.
«Қазақ» газетінің 1914 жылы 51-санында жарияланған «Семейдегі әдебиет кеші» атты тілші мақаласынан үзінді келтірейік:
«26 январьда» Семейде «Народный домда» жағрафия жамиғатының(қоғамының - Қ.М.) әдебиет кеші болды. Бұл кеште халық аса көп болып, үйге сыймағандықтан, бірсыпыра адамдар кіре алмады.
Ол күн атақты ақынымыз марқұм Абай Құнанбай ұғылы турасында баяндама оқылады деген хабар халық арасына бұрынырақ тараған себепті жұрт ол күнді асыққандай күтіп тұрды. Баяндаманы Назипа ханым (Құлжанов жамағаты) орысша оқыды. Баяндамада Абайдың қырда өсіп аз оқыса да, Еуропа данышпандарының кітаптарын оқып, сөзін ұғып, көңіліне тоқып, Россияның Пушкин, Лермонтов, Толстой атты мәшһүр адамдарының сөздерін қазаң тіліне аударып жазып, қазаққа өзі өлсе де сөзін қалдырып кеткенін сөйлейді.
Мұнан соң Әлмағамбет атты жігіт, заты тобықты, Абайдың қасында әр уақыт болған, домбырамен ән салды. Әуелі, Татьянаның жазған хатын Абайдың өзінің шығарған күйімен салды. Бұл ән мұңлы, нәзік, өзі жай салатын әуезбен айтылады екен. Мұнан кейін «Жігіт ғашығы» мен «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» деген күйлерге салды.
Бұл әндер майда үнмен салынып, бірде ақырындап, бірде көтеріп созып салынатын ән екен. Естіген халың һәммәсі, орыс, қазақ демей, шығарушысына да, ән салушы Әлмағамбетке де алғыс айтты.
Бұл жағрафия жамиғатының кеші халықты сүйсіндіріп, көңілін ашты. «Бізде де Абайдай данышпан адам туады екен- ау; атағы қазақ түгіл орысқа да шығып, өзі өлсе де, терең ойларын, қымбат сөздерін, түрленген күйлерін жұртына мирас қылып артына қалдырғандай» деп жұрт шаттанды», - дейді.
«Айқап» журналының сол жылғы төртінші санында жарияланғанмақалада:
«...Алашқа аты мәлім атақты ақын һәм философ Ибраһим Құнанбаевтың өлгеніне биыл он жыл толады. Ілгері басқан жұрт мұндай қадірлі адамдарының атағын шығару үшін талай белгі істеген болар еді. Біздің көбімізге Абайдың кім екені де белгісіз? » - дей келіп, Абайды еске алу кешінде Назипаның жасаған баяндамасының соңғы сөзін келтірді: «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлки, онан да артық, данышпандар туғызар» дегенде тыңдаушы қазақтардың жүйкесі босап, көзіне жас алғандары да болды», - дейді.
Абайдың өз әніменен өлеңі айтылды.
...Бүркіт, қаршығалар көрсетіліп, қазақтың аңқұмарлығы біраз сөз болды. Қазаң әйелдерінің қымыз сапырып, қонақ сыйлағандары көрсетіледі. Қысқасы, бұл кеште көрсетілген тамашаның барлығы да қазақ тұрмысынан алынған нәрселер болды.
Абайдың өлеңі айтылады, бақсы ойнайды деген хабарды естіп, қаладағы, қырдағы жиылған қазақтың көбіне билет жетпей қалды.
Қазақтың оқығандары бала-шағаларымен көтеріле барыпты.
Абайдың қадірі халыққа зор екен. Абайдың өлеңі оқылғанда, талай қазақтың көзінен жас мөлдіреді.
Бұл кешті жасауға атсалысқан Нұрғали Құлжанов, Абайдың балалары Кәкітай һәм Тұрағүл мырзаның өлеңге, білімге ыңғайы бар деп айтысады. Абай секілді сұңқардың орны бос қалмас деп үміт етеміз. Қазақ шежіресінің негізін құрған, қазірде өлеңмен бірнеше кітаптар жазған ақсақал Шаһкәрім қажы Абайдың інісі болады.
Сөйтіп, Абайды еске алу кешінің үлкен даярлықпен өткізілгенін көреміз.
«Қазақ» газетінің 1914 жылы маусымның 23-і күні 67 санында жарияланған «Абай» деп аталған мақаласында Міржақып Дулатов Семейде өткізілген Абайды еске алу кешін ерекше атап жазады: «...Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған бірінші әдебиет кеші болып һәм бірінші қазақ әйелінің (Назипа ханым Құлжанов жамағаты) майданға түсіп, берген өрнегі еді», - дейді.
Сол 1914 жылы «Алшархият» жинағында («Восточный сборник в честь А.Н. Веселовского». Москва, 1914). Абайдың өмірбаяны және төрт өлеңі орыс тіліне аударылып жарияланды.
Абайдың дүниеден көшкеніне 20 жыл толуына байланысты ұлы аңынды еске алу кеші де 1924 жылы Семейде өткізілді. Бұл кеш туралы баспасөз жүзінде жарияланған мағлұматтар:
Білдіру
Осы жылы 29 декабрьде Луначар клубында қазақтың байтақ даласында өткен атақты сыршыл ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының дүниеден көшкеніне 20 жыл толғанын еске түсіру үшін Семейдің «Географический обществосы» құрметтеп, ескерткіш кешін жасайды.
Кеш тәртібі:
Абайдың өмірбаяны. Баяндамашы - Ғаббасов Халел.
Қазаң әдебиетіне сіңірген Абайдың еңбегі - Баяндамашы М. Әуезов.
Мінез көріністері. Жолдасы Көкбай ақсақалдың әңгімелері.
Абайдың әндері - әншілер: Әміре, Әлмағамбет.
Келушіге билет тегін беріліп, кеш сағат 6-дан қалмай басталады. Кеш өткізу комиссия атынан: Әлкей Марғұланұлы. («Қазақ тілі», 131, 27 декабрь 1924).
Отчет
Семипалатинского отдела Русского Географического Общества с 1 октября 1924 года по 1 октября 1925 года.
В декабре (1924 года - Қ.М.) отдел провел юбилей известного казахского поэта Ибрагима (Абая) Кунанбаева по поводу 20-ле- тия со дня его смерти. Отделом было устроено торжественное заседание, посвященное Абаю, на котором были прочитаны доклады.
Степной певец-казах исполнил несколько песен-стихотворений Абая, частью его же напевами.
В театре Луначарского отделом был устроен вечер на казахском языке в честь Абая. Члены отдела Х.А. Габбасов и М.О. Ауэзов сделали на казахском языке доклады о поэте.
Друг юности Абая поэт Кокбай Джанатаев поделился с при- сутствующими своими воспоминаниями. Учащиеся казахи прочитали несколько стихотворений поэта, а певцы исполнили некоторые произведения поэта.
Сөйтіп, үлы аңынды еске алу мәселесі Абайдың өзі туған жерде басталып, кейін мәдени дәстүрге айналды. Абайдың дүниеден қайтқан, дүниеге келген жылдары үнемі еске алынып, ақын құрметіне арналған салтанатты жиналыстар, әдебиет кештері өткізіліп отырды. Ардақты ақынды мәңгі есте сақтау мақсаты көзделіп, ол үшін Абайға ескерткіш ретінде істелетін іс-шаралары белгіленіп, оларды жүзеге асыру жұмысы қолға ала бастады.
1934 жылы Абайдың өлгеніне 30 жыл толғанын атап өткізу туралы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Президиумы қаулы қабылдады. Сол қаулы бойынша республикада аңынды еске алуға арналған жиналыстар болып, әдебиет кештері өткізілді.
1940 жылы Абайдың туғанына 95 жыл толатын мерекесін өткізу жөнінде үкімет комиссиясы құрылды. Ақынның мерейтойы Қазақстанның барлықжерінде салтанатты мереке түріндеөтті.
Семей облысындағы Шыңғыстау ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Абай ауданы деп аталатын болды.
Абай ауданындағы «Таң» колхозына, Қарауыл орталау мектебіне Абай есімі берілді.
Сол сияқты Семейдегі саяси ағарту техникумына Абай есімі берілді.
Мәдени-тарихтың маңызы зор істің бірі - Семей қаласында Абай музейінің ашылуы болды.
Абай музейін ашу мәселесіне байланысты Семейге Мұхтар Әуезов келіп, музейге лайықты үйді көрсетіп берді және музей құру үшін алдын ала істелетін негізгі күрделі жұмыстарды бізге түсіндіріп, анықтап берумен бірге өзі іс жүзінде нақтылы көмек көрсетіп, игілікті істі бастап берді.
Мұхтардың басшылығымен біз де өз мүмкіншілігімізше Абай музейін ашу жұмысына атсалыстық.
1940 жылы қазан жұлдызының 16-сы күні Абай музейі ашылды. Музейдің ашылу салтанатына астанадан Мұхтар Әуезов бастатқан бір топ ақын, жазушылар келді.
Мен Абай музейінің аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс істей бастадым. Сол кезден бастап Абай музейінен қол үзгенім жоқ, Абай музейі Қазақстан Ғылым академиясының қарауына көшкен кезден, яғни 1947 жылдан бастап 1951 жылға шейін музейдің директоры болып қызмет атқардым.
Ақынның 95 жылдың мерекесі тұсында көп зерттеу еңбектері жазылды. Абайдың шәкірттерін, айналасын зерттеу жұмысы басталды.
Абайдың 95 жылдың мерекесіне байланысты ұлы ақынды есте қалдыруға арналған игілікті шаралар республиканың көп жерінде іске асырылды.
1940 жылы өткізілген 95 жылдың мереке алдағы 1945 жылы ақынның 100 жасқа толатын мерейтойы алдындағы аса жақсы әзірлікті көрсетті.
Абайдың 1945 жылы 100 жасқа толатын мерекесіне әзірлік жұмысы бес жыл бұрын, яғни 1940 жылы қолға алынды. Сол жылы Халық комиссарлар советі жанынан Мереке комитеті құрылды.
Абайдың 100 жылдың мерекесі алдындағы бес жылғы уақыт ішінде істелетін істер анықталып, Абайды мәңгі бақи есте қалдыруға бағытталған нақтылы шаралар белгіленеді. Ол шаралар, мысалы: ақынның жерленген жерінде Жидебай қорығындағы Абай зиратының басына сәулетті ескерткіш орнату; қыстауларын жөндеп бұрынғы қалпына келтіру; Семей қаласындағы Абай оңыған медресе үйін әуелгі оқу болған кездегі қалпынаа келтіру; қаладағы тұрған үйлерін жөндеп, бұрынғысынша жабдықтау; Алматыда Абайдың монументалды ескерткішін орнату, тағы басқа осылар сияқты ескерткіш ретінде жүзеге асырылатын негізгі жұмыстар еді.
Бұл арада Абайдың 100 жылдың мерейтойына даярлық жұмысына меніңөзімнің де қатысым болғанын 54 жылдан кейін еске ала кеткім келеді.
Мереке комитетінің бастығы сол кездегі Халық комиссарлар (советінің төрағасы Нұртас Оңдасынов еді. Оның орынбасары Қазақстан Жазушылар одағының сол кездегі бастығы Әбділдә Тәжібаев болды.
Мереке комитетінің мүшесі әрі ғылыми хатшысы Мұхтар Әуезов Абайдың 100 жылдың мерейтойының әзірлік жұмысына ерекше көңіл бөліп, іске кірісті. Сонымен қатар ол кезде Мұхтар «Абай» романын жазу үстінде еді. Соған қарамастан Мереке комитетіндегі ғылыми хатшылық қызметін бір жыл бойы бас алмай атқарып, мерекеге әзірлік жұмысын бір жолға қойып берген соң, бірыңғай роман жазу жұмысына отыратын болды. Сонан әрі мерекеге даярлың жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырыпжүргізу туралы өзінің пікірін ұсынды. Мұхтардың ұсынысы бойынша Мереке комитеті шешім қабылдады.
Решение
Правительственного Юбилейного Комитета по проведению столетия Абая
г. Алма-Атаот16 февраля 1941 года
О создании постоянно действующего рабочего аппарата Правительственного Юбилейного Комитета Абая.
В целях продуктивной,систематической и целесообразной организации работы Юбилейного Комитета Абая создать постоянно действующий рабочий аппарат Комитета.
Ученым секретарем Правительственного Юбилейного Ко- митета назначить Мухамедханова Габдулкаюма (Каюма).
Зам. пред. Правительствеыного Юбилейного Комитета Абая (А. Тажибаев).
Сөйтіп, ұлы ақынның 100 жылдың мерекесіне даярлың жұмсына қатыстым. Белгілі Мәдениет қайраткерлерінің ортасында қызмет істеп, олардың үлгі-өнегесін көріп, көп тағылым алдым.
Абайдың 100 жылдың мерейтойы 1945 жылы тамызда Қазаңстан астанасында басталды. Ақын мерекесінде Мәскеуден,Ленинградтан, барлың басқа республикалардан қонақтар келді.
Ақын тойы Қазақстанның барлықоблыстарында салтанатты түрде өткізілді. Сол сияқты туысқан республикаларда да Абайдың 100 жылдығы аталып өтті.
Тойдың үлкені ақынның туған жерінде Семей қаласында, әсіресе Абай ауданында бүкілхалықтық мерекеге айналды. Абайдың туған жеріндегі тойға Мұхтар Әуезов бастатқан қазаңтың белгілі ақындары, жазушылары, ғалымдары, өнер қайраткерлері келіп, тойдың ойдағыдай өтуіне атсалысты.
Қазақтың атақты халың ақындары, әнші, жыршылары: Естай, Нартай, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали, Нұрғали, Үмбетәлі, Орынбай, Қайып, Рахымбай, тағы басқалар асыл жырларын ақтарып, Абай тойына шашуларын шашты.
Балуандар күресін күш атасы Қажымұқан басқарды. Ат бәйгесі, құнан бәйгесі, көкпар, жаяу бәйге, қыз қуу, тағы басқа ойын-сауықтың неше түрі болып жатты.
Той қызығы күні-түні толастаған жоқ, Абай тойын сипаттап жазған ұзақ өлеңінде Төлеу ақын:
Далада балуан тіүсіп, ат жарысқан,
Көрісіп көрмегенмен жұрт танысқан.
Көк майса ақ орданың самалында,
Сонан соң тағы шықты түнгі ойынға,
Өлкенің толған халық өн бойында.
Қалмады қызық ойын ойналмаган,
Абайдың салтанатты бұл тойында, -
деп дәл суреттеген.
Ұлы аңынның 100 жылдығы бүкіл қазақ халқының мерейін үстем етіп, рухын көтерген ұлы мереке болды.
Абайдың 100 жылдың мерейтойы толың сипатталып, арнайы жазылуы керек.
Абайдың 100 жылдың мерекесі тойланып өткеннен кейін Мұхтар Әуезов өзінің ұлы ақын туралы ой толғауын терең тебіреніп жазған еді:
Алпысқа шығар жасында ұлы ақын қайтыс болды. Өлгеніне қырық жыл толды. Бірақ біз үшін Абай өлген жан ба?
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
демеп пе еді. Өлген жан емес. Ақын жолы халың жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, сөзіне заман, дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі бұрынғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек заман үшін де тарих аспанындағы бір тұрақты нұры болып шырқау бармақ. Ол болашақ күндер де Абай әрі бұрынғы әрі әр жағындағы келешектің өлмес, өшпес тұрғыласы, күн шуағы, айықпас күнгей биігі болып тұрмақ.
Жай адамның өмір тірлігін біздің халық мүшелмен санайтын. Оның мүшелі он екі жыл еді. Ақындықтың Әбулхат суын ішкен, өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқан Абай дана, даңғыл ақын тарихындағы өз мүшелін жүз жылдан қайырмақ - Алтайдан Алатауға аттап түсерлік ертегі тұлпарындай сайлардан, сахаралардан ғана аттап өтпей, замандардың да талайынан аспандап өте бермек. Өзінің қадір білмес ғасырынан бізге жеткен Абай солай жетіп отырған жоқ па?...
Осындай ақынның бір мүшел қайырған 100 жылына тұстас келген біздің мереке нені еске алады? Кеннен шыққан асылды, алтынды, қоспасынан айырып, қорытып алғандай, ақынды да заман ортасымен қоса алып сол дәуірінен иығы асқан өмір арманын, еңбек қасиетін қорытып алады, деген еді Мұхаң.
Абайдың дүниеден қайтқанына 50 жыл толуына байланысты, Қазаң ССР Министрлер Советі Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевты мәңгі еске қалдыру туралы 1954 жылы қаулы қабылдады.
Абайдың өлгеніне елу жыл толуына байланысты ұлы ақынды еске алуға арналған жиналыстар, әдебиет кештері Алматыда және республиканың облыстарында өткізілді.
Абайдың туғанына 125 жыл толуына байланысты 1970 жылы салтанатты жиналыстар, әдебиет кештері Қазақстан астанасынан бастап, республиканың барлың облыстарында, аудандарында өткізілді.
Семейде, Абай ауданында ақынның 125 жылдың мерейтойы, Абайдың 1945 жылғы 100 жылдың үлкен тойдың үлгісінде ұйымдастырылып, халықтың салтанатты тойына айналды.
1940, 1945 және 1954 жылдары белгіленген, ұлы аңынды мәңгі бақи есте қалдыруға бағытталған негізгі іс-шаралардың көбі кейінгі жылдарда іске асырылды. Мысалы, монументалды Абай ескерткіші жасалып, 1960 жылы Алматыдағы Абай алаңына орнатылды.
Астанадағы академиялық опера және балет театры, мемлекеттікпедагогикалың университет, Семей облыстық театры Абай есімімен аталады. Қарағанды облысында Абай қаласы бар. Қазақстанның барлықоблыстарындағы, аудандарындағы Абай ескерткіштерін, ақын есімімен аталатын мәдени-ағарту мекемелерін, мектептерді, тағы басқа толып жатқан орындарды түгендеп атап, айтып шығу бір шағын мақалада мүмкін емес.
Тегінде, ұлы ақынға арналған Қазақстандағы және басқа республикалардағы, қалалардағы әртүрлі ескерткіштер түгелдей анықталып, зерттеліп жазылуы керек. Биылғы жылы Абайдың туғанына 150 жыл толатын мәртебелі мерейтойын қазақ халқымен бірге бүкіл дүние жүзі тойлағалы отыр.
Қазақтың данышпан ұлы ақынының құрметіне ЮНЕСКО- ның шешімі бойынша 1995 жыл - «ХалықаралықАбай жылы» деп жарияланды. Абай жылы - қайырлы, құтты жыл болсын!