«Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол» (Кемелдік жолындағы бес қасірет)
Жандос Әубәкір
Абай Құнанбайұлы адамзаттың болашағы үшін, рухани құндылықтарға толы өмір кешулері мақсатында өз ілімін мәуе қылып шашты. Абай тағылымы бір түп қаламшадан ұялы бәйтерекке айналды. Ол тағылым – қазақ бар жерде өмір бойы зерттеле беретін түбіне жеткізбес кеніш. Рухы биік, арманы асқақ, халқын сүйер азаматтың бойындағы ұлтжандылығы мен біліктілігіне дейінгі қасиеттер Абай жолының сарқыты. Алаштың дүниетанымына, ұстанымына, идеясына Абайдың белгілі деңгейде көзқарасы сіңгені анық. Абайдың жолы – адамгер, ізгіліктің. Бұл жол өлмес құндылықты ту еткен қай заманда да жүзіне шаң жуытпақ емес. Хакім сөздері адамға жат қылықтардан арылатын мол тағылымға толы. Адамгершіліктің мәнін кез-келген шығармасынан ашып көрсетуге болады. «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін де судыратып оқып шықпай, әр сөзіне, әр ойына мән бере оқиықшы.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой –
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абайдың осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көзі ашық, көкірегі ояу жанға «толық адам болып» өмір сүру қағидаларының мәні ашылған. Кісілікке жетелейтін даналық сөздер концепциясын адамзат игілігіне тарту еткен.
Бес асыл нәрсеге асық емес, керісінше қашық болу керек бес дұшпанға әуестік Абай сынаған надандыққа алып келері анық. Арамдық пен араздық белең алғанда ел ішіне енген надандық та қанатын кеңге жая бастайды. Надандық көзін де, көкірегін де тұмшалаған соң, оның сана-сезімі, қоршаған ортаны сезінуі де жоғалады. «Ақылға сәуле қонбаса, хайуанша жүріп күнелтпек» дейтін жандар қатары да көбейе берері хақ. Өмірдің негізгі мәніне үңіліп, жаратушыны сүйюі, хақ жолымен жүруі, рухани кемелденуі түгілі өз басын алып жүре алмайтын, басқаның жетегіне еріп, тобырдың қатарына енетін де осы надандар. Ақын поэмасында айтылатын көппен бірге жынды су ішіп еліретін де осылар. «Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса», – дегендей тереңдік былай тұрсын, іс-әрекеті мен таным-түйсігі саналы адам қатарынан да көрінбей жататын надандық сау ақылдың жоқтығынан, қараңғылықтан. Арзан күлкі мен бас даурықпаға әуестіктік те көңіл көзінің тұмшалануынан. Ал бойында ыстық қайраты, нұрлы ақылы, жылы жүрегі болмаса, саналы көзқарасы, азды-көпті білімі, өмірлік ұстанымы жоқ адамды қалаған жаққа жетектеп әкетіп, айттақтатқанға пайдалану жеңіл болмақ. Надан адамның қоғамға зияндығы да осында.
Абай мұрасы – «Толық адам», «Кемел адам» болудың концепциялық тұғыры. Адами қасиеттерадамды қанаттандырып, озық идеялар тудыруына септігі тиеді. Абай ел болашағы үшін «толық адам» ілімін жасады. Адамгершілік адамзатты ізгілікке жетелейтін қасиет екенін дәлелдеп, мәдениеті жоғары өркениетті ел болуға жетеледі. «Адам болам десеңіз. Тілеуің өмірің алдыңда», – деген өлең жолдарындағы ойын пайымдап қарасақ, Абайдың дүниетанымы тереңде жатыр. Хакім ең алдымен адам болу, адам болудың мәні неде деген сауалға жауап іздеп, ақиқатына жеткен.
«Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтықтан» алыс болып, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымға» асыққан ұрпақтың басты мақсаты да береке-бірлігі жарасқан, ой-өрісі дамыған елде достықтың туын жығылтпай жоғары ұстауы шарт. Халқымыздың да басты ұстанымы «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай принципін толық негізге алғанда рухани кемелдікке жетері анық. Әр адамның бір-біріне деген достығы, жанашырлығы мол болғанда еліміздің де берекесі арта берері сөзсіз.
Абай адамзат мүмкіндігін жаңаша деңгейге жеткізіп, терең оймен айшықтаған. «Дүниенің сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адамжаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдайтағала хайуанның жанынан, сол әсерін көрсетіпжаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессізбала күндегі «бұл немене, ол немене?» – дейді.
Абайдың әрбір маңыз берген сөзіне, ұғым-түсінікке мән бере қарайықшы. Мысалымақтаншақтықтан бастасақ... Адам табиғатыныңерекшеліктерінің бірі болған «мақтаныш» сөзітақырып ерекшелігін ашуда. Абайдың пәлсапалықойының түбіне, «мақтанба» сөзіне ден қойып, не нәрсеге және қандай жағдайда «мақтану» керекдегеннің мәніне акцент берген жөн. Ақын «ғылымтаппай мақтанба» дегенде мақтаныш сезімнен аулақболуды сөз етпейді. Дүниенің кілтін ашып, кеудеңадами қасиеттерге толы болған жағдайда ғанамақтан, шаттан, ойна дейді.
Абай жиырма бірінші сөзінде мақтанды «үлкендік» және «мақтаншақтық» деп екіге бөліпқарастырған. «Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады», – деп, парасатты адамның ерекшелігін айқындаған. Осы сөзінде мақтанудың түрлерін ажыратып, мақтанның кез келген адам баласында болатынын, бірақ не мақсатпен мақтан мінездің пайда болатынын дәйекті сөздермен түсіндіріп, адам баласының жаратылыс болмысын сараптап өткен.
«Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?» – деп бұлғақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?» – деп қалшылдайтұғын кісі».
Әсіре мақтаншақтық – баянсыздықтың басы.
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ,
Өтірік, өсек мақтанға
Ағып тұрса бейне су, –
дегендей, қазіргі қоғамда да, елімізде де өсек, өтірік, мақтанға жаны құмар жандар баршылық, Асыра сілтеушілік, бос ұрандау бой көрсетіп тұрғаны жасырын емес. Мақтаншақ пен бекер мал шашпақтықтан бірінші орынға шығып кетеміз. Көркейіп, дамып жатырмыз деп ауыз толтырып мақтанамыз, бірақ, өкінішке орай өнім шығаратын бір өндіріс зауытымыз жоқ. «Талап, еңбек, терең ой»демекші, осы қасиеттердің аздығынан, көшірме дүниелер қаптауда. Қазық болып қағылған, өзіміз ойлап шығарған пәлендей, ауыз толтырып көрсететін дүние жоқтың қасы. Жеке басын жарнамалауға, жоғары лауазымды басшылыққа көрініп қалу, өз-өзін пиарлау «десінге» бой ұрдырып мақтау іздейміз. Бұлардың бәрі де ұлтымыздың Абай сынаған дәуірден бері келе жатқан кемшіліктеріміз.
Қазақ даналығының асқар шыңы болған Абай өсиетін мағыналы өмір сүру бағытында қай қырынан алып қарасақ та, алдымызға анық бағдар болары айқын.
Өмірдің «Адам болу» деген мың жылдықта да мызғымас ұлы қағидатын ақын кім «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол» деп түйіндейді. Асыл сөздің толығы қандай еді? Осы он өнегені ұрпақ бойына мықтап сіңіре алғанда елдіктің көші мығым, тұғыры биік болары сөзсіз. Қараңғы халықтың көгін жарқырататын – білім. Оны Абай да, одан бұрын жасаған қисапсыз ғұламалар да айтып кетті. Ақынның рухани шырақшысы, ұлы шәкірті Мұхтар Әуезов бұл ойды «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп тарқата тәпсірледі.
Абай айтқан бес дұшпан – өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік және текке мал шашу.
Бес асыл іс – талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым.
Өмірі алда, арманы асқақ, тілеуі зор ұрпақтың бойынан табылар және болмауы тиіс адами қасиеттер осы. Күллі ғұмыр философиясы он түйір сөзге сиып тұр.
Алыс жүретін, бойға жұқтырмайтын «бес дұшпанды» сабақтай кетсек.
Дұшпанның басы – өсек. Әр заманның өсегі де әрқилы болатын сынды. Бұл шоқ сұрай келіп жеткізетін сыпсың сөзден салмағы әлдеқайда ауыр. Ошақ басынан шықпайтын жандарға кешіріммен қарайсың-ау, бірақ бұл дерт күллі ұлтты жалмаған болса ше? «Өсек» деген жалғыз ауыз сөздің астарында бір халықтың үлкен қасіреті жатады. Ақын ағасымен жаны, рухы үндес Шәкәрім Құдайбердіұлы:
«Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке,
Өлшеуі жоқ бай заман», –
дейді.
Сол заманның сөзі. Абай айтқан ащы запыранның және бір нұрлы жүректен шыққан лепесі. Өсектің терең түкпірінде адамның азғын кеспірін көрсететін қаншама сұрқай мінездер жатады. Ол халықтың сипат алса обадан да қауыпты, шешектен де тажал екенін ақын жүрегі ишаралап тұрғандай. Осы жарқын ойды Абайдың өзі былай тарқатады:
«Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап».
Өсек пен өтірік – адам болудың алдына көлденең түсіп жатып алатын бірінші кедергі. Одан жаныңды кірлетпей өте алғанда ғана алдың ашық, артың жарық болады. «Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды», – дейді жазушы Антон Чехов. Құлағың мен зейін-зердеңді өткенге түрсең ұлылардың дауысы үндесіп жататынын ұғынасың. Өсек пен өтірік – адамды көгертпейтін, көктетпейтін ең әуелгі дұшпандары. Келесі дұшпан – мақтаншақтық. «Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді», – деген Пифагордан қалған сөзге қарап адам адам болып жаралғалы бұл індеттің толастамағанын сезінеміз. Өз заманыңның заһарын терең сезінсең өткен күнге салауат айтады екенсің. Бүгіннің, XXI ғасырдың кейіп-кеспіріне қарап, әлеуметтік желіде мақтаныштан қолы тимейтін жандарды көріп Абай заманының қазақтары әлдеқайда ұлы істерге марқая алыпты ғой деген ой келеді. Бұл, әрине, тамсанудан емес,түңілуден. Ұрпақты осы дерттен құтқармайынша шын ғылымға сусындата алмаймыз.
«Алма пыс, аузыма түс» деген жалқаудың сөзі кешеде айтылған, бүгінде айтылады, болашақта да тоқтамайтыны сөзсіз. Хакімнің өзі осы ойын ары қарай сабақтап қара сөздерінде: «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» дейді. Ол аз десеңіз әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы»,– дейді. Ал біз керісінше адамзат қоғамын бүгінге жеткізген еңбек туралы да мың-миллион мысал келтіре аламыз. «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді», – депті Август дәуірінің өзінде Римдік эстетика мен классиканың көшбасшысы Гораций.
Дұшпанның бірі – мал шашу. Абай заманының кейбір бай-манаптары болыс болам деп, қара ісімді ақ қылам деп, атақ пен абыройға жетем деп мал шашқан шығар. Өрісте малы, өреде құты бар қоңды әулеттің бәрі олай істеді деп айта алмаймыз. Малының арқасында қаншалық шығын кетсе де бала оқытты. Ауылының ынталы, өжет жасын көрсе ту қиырдағы елдерге, үлкен білім ошақтарына аттандырды. Ондай абзал жандар жүздеп, мыңдап кездеседі. Қазақтың көшін жарқыраған көкжиекке бастаған Алаш арыстарының өмірін зерделесең ондай мысалды көптеп кездестіре аласың. Бар болып мал шашу мен жоқ болсада соған ұмтылудың жөні басқа. Қорадағы ақ-адал еңбегің өнбес іске рәсуа болса одан шығар марқадам қайсы?! Тектен текке мал шашу – ұлтты ұсақтатады. Жақсының жолына жұмсай алсаң оның пайдасы еселеніп қайтпақ. Өзің қызығын көрмесең де халқың игілігіне жаратпақ. Хакім осы ойды меңзесе керек. Ал бұл заманның бекер мал шашуы тіпті де асқынған. Оны күнделікті көзбен көріп, құлақпен естіп жүрміз. Лудомания деген дерт қабындап, елді еңсеріп, сүттей ұйыған шаңырақтарды шайқалтып барады. Тер төгіп еңбек етпеген адам мал шашудың қас шеберіне айналады. Себебі ол ештеңенің нарқы мен парқын білмейді. Ал өз басына күн туғанда қоғамдағы көп былықтың бастауына айналарын мойындағысы келмейді.
Ғұламаның қашық бол деген «бес дұшпанында» адамды азғындыққа бастайтын ібіліс істердің бәрі жатыр. Өсектен ада, өтіріктен таза, мақтаншақтықтан алыс, еріншектіктен қашық, мал шашудан аулақ жанның ғұмыры күндей шуақ шашып, гүлдей құлпырмақ. Осы дерттен айыққан адам ғана асыл затына лайықты тұлға бола алмақ. Ол сол кезде бес асыл қасиетке асық болады.
Ұлттың болашағы болатын өскелең ұрпаққа Абай шығармаларын оқытып, жаттатып қана қоймай бойына нәр қылып сіңіре білу, рухымен үндестіру – басты мәселе.
«Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?» –
деген өлеңді ғана жаттамай осыны тағылым һәм жүрер жолы, ұстанымы қылса аспаны шуақыты, жүзі жарық, келешегі кедергісіз болары ақиқат.
Жоғарыда көтерілген мәселелердің алдын алу бала тәрбиесінен басталу керек. Отбасынан басталатын өнеге негізінде үлкен жаһандық мәселе жатыр. Тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, дұрыс бағыт берілсе, тәрбиелі, мәдениетті бала болашақта ұрлық жасау, жалған сөйлеу, жала жабу сияқты қылықтар жасамас болар. Яғни, ел арасында болып жатқан адамгершілік қасиетке жат мінездер мен іс-әрекеттер болмас еді.
Абай неліктен бала тәрбиесіне өте мән берді? Өйткені адами құндылықтар отбасынан басталады. Ата-ана бала ой-санасының алғашқы іргетасынқалайды. Отбасынан алынған рухани қазына жәнебірауыздылық, қолдау жасау сияқты қасиеттердіңболашақта мәні зор. Отбасындағы алынған дұрыстәрбие өз жемісін береді. Мұндай тәрбие алған бала қоғамды біріктіріп, елдің, адамзат баласыныңтағдырына алаңдап, біріккен идея тудыруға жәнеқоғамды жаңа жолмен жетелеуге ықпалы тиерісөзсіз.
Абай ойларынан әр жастарымыз ғана емес, баршахалқымыз өнеге алулары қажет. «Қазақ та адамбаласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдыңсөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білседе, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамайкетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойынжиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі«айда, батырлап!» қыздырып алады да, артынойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайғатерістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?»
Рухани құндылықтың өзегі, баянды байлықтыңбірі адамның ішкі жан дүниесі мен таным-түсінігі. Абай қарасөздерінің негізгі арнасы ретінде адамныңой-санасының, ішкі жан-дүниесінің құндылықтарынтерең философиялық ойлармен өрбіткен. Адам болмысының өзегіне назар аудартқан. «Адамзаттыңбәрін сүй бауырым деп» ХХІ ғасыр адамзатыынтымақта, бірге қоғамның жан құмарлығынабасымдық бере дамуы қажет. Адамның қабілеті өтезор, дүниеге келген шақтан бастап рухани дамуынааса көңіл бөлінгені маңызды.
Абай адамның адамгершілігі мен кісілігі баяндыболатын қасиеттерді тұжырымды, дәлелдерменайтып кетті. Ғылым мен білімді, өнер мен адалеңбекті ақыл, таным, жан құмарлығымен кемелдесеңізгілікке жол ашыла бермек.
Дана сөздерінің негізгі мұраты мен мақсаты – адам бойындағы адамгершілікті оятып, жетілдіру, қоғамды сол арқылы табиғи, заңды жолмен өзгертіп, әр адамның баянды байлығы – өмірде кісілігінсақтап, адам боп өтуін көздейді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Осы ойлар талапты жас, санасы сәулелі жандарғаүлгі болса игі.
Ұлы Абайдың өнегелі сөздері бойынша жастарды білім теңізіне бойлатуды мақсұт тұтқан: ол көп ізденуге, оқу-білімге, қызығуға, талаптанып көздеген мақсатқа жетуді үндейді. Бұл ретте Абайдың негізгі бес асыл ісін назардан шығармағанымыз абзал.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз, –
деп Абай жастарға адамшылықтың концепциясын тұжырымдап берген.
ӘДЕБИЕТТЕР